Әдебиет • 18 Наурыз, 2022
«Ауруханадамын. Жұмыс көп. Тез жет!..»
Ағамыздың жарқын бейнесі ауық-ауық түске кіреді. Бәлкім, ол кісі де артында қалған қалың елін ойлайтын болар. Кешегі «қаңтар қасіретін» көзімен көргенде классик төсек тартып жатқанына қарамай, әлдекімнің сүйемелдеуімен бойын тіктесе де қолына қалам алып, ел тағдырына жандары ашитын бауырларына: «Айналайындар, абай болыңдар!» деп ақырғы аманатын да жазып кетер ме еді?! «Айналайын!..» Соңғы демі үзілер сәтте хал-жағдайын сұрауға барған Сәкеңе, Смағұлға тілі келмесе де көз жанарымен ымдап, «бұл «айналайынды» халқыма арнадым» дегені де бекер емес-ті.
Қоғам • 18 Наурыз, 2022
«Құрсақ ана» құндылығымызға қайшы емес пе?
Елімізде әрбір алтыншы отбасы бір перзентке зар болып отыр. 14 мыңнан аса ерлі-зайыптының табиғи жолмен балалы болуға мүмкіндігі жоқ. Бүгінде бала аңсап бармаған жері, баспаған тауы жоқ осындай отбасылардың көбі ЭКҰ көмегіне сүйенетіні жасырын емес. Алайда бұл амалдан да қайран болмаса, сәби сүюдің соңғы жолы – суррогат анаға жүгінуге мәжбүр болады. Қанша жерден бұл біздің дәстүрлі таным-түсінігімізге жат болғанымен де, қазір «құрсақ ана» қызметін ұсыну да, оған жүгіну де қалыпты жағдайға айналып барады.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2022
Ел Президентінің парасаты мен пайымы, сөзі мен ісі қабысатынына жұртшылықтың көзі жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тоқетер сөзі ұзақ уақыт назардан тыс қалған қазақы өңірлерді тоқ қылар қадамның басы болғай. Қаймана қазақтың тілегі осы. Семей, Талдықорған, Жезқазған, Қапшағай орталықтары болатын Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстары сияқты жаңа әкімшілік аумақтарды құру жөніндегі ұсыныс шын мәнінде бұқараны бір серпілтіп тастады.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2022
Жаңа Қазақстанды дамытудың алғышарты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын ел азаматтары айрықша күтті. Өйткені бұл шын мәнінде әдеттегі Жолдаудан мәні ерекше, Жаңа Қазақстанды дамытудың алғышарты мен саяси реформалардың жаңа бағдарламасы айқындалатын маңызды сәт еді.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Рауан Кенжехан: Президенттің Жолдауы - Жаңа Қазақстанның бастауы
Президенттің Жолдауын бәріміз Жаңа Қазақстанның бастауы деп қабылдадық. Бұл құжатта жаңа саяси жүйенің сұлбасы көрінгендей болды. Бірақ Жаңа Қазақстан тек жаңа мемлекет, жаңа саяси жүйе емес, бұл жаңа қоғам деген сөз. Ал жаңа қоғамды қалыптастыру, қоғамның сапасын өзгерту мемлекеттік және саяси жүйенің сапасын өзгертуден әлдеқайда қиын.