Білім • 25 Наурыз, 2020
Оқушылар IV тоқсанды қашықтан оқиды
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады. Министрдің орынбасары коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастайтынын жеткізді.
Медицина • 25 Наурыз, 2020
Коронавирустың жоғарғы және төменгі шегі болжамын Елжан Біртанов айтты
«Төтенше жағдай режимінің ұзартылуы эпидемиологиялық жағдайға, коронавирустық инфекциялармен байланысты болады. Осы уақытқа дейін, яғни 15 сәуірге дейін біз ауруды азайтуға кірісеміз деп үміттенеміз. Бұл жағдайда Мемлекет басшысы шешім қабылдайды. Мемлекеттік комиссияда біз күн сайын осы жағдайды қарастырамыз. Егер жағдай теріс болса, онда, әрине, төтенше жағдайды ұзарту мүмкін» деді Елжан Біртанов Фейсбуктегі парақшасында.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай режимін бұзғандар жазасыз қалмады
Қазалыда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан әкімінің тапсырмасымен мобильдік топ құрылып, 18 наурыздан бастап күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары тексерілуде.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Дәріханада медициналық бетпердені тегін таратты
Иненің жасуындай болса да жақсылық жасау ізгіліктің белгісі. Мұндай игі амалдың ел басына қатер төнгенде орны тіптен бөлек. Алматы тұрғындарын қолдау мақсатында «Рауза АДЕ» дәріханалар желісі азаматтарға медициналық бетперделерді тегін үлестірді. Дәріхананың бастамасын қала билігі де қолдаған.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғанына бүгін тура 9 күн болды. Бастапқыда жер-жерде құрылған комиссиялар қауырт жұмыс істеп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іле-шала еліміздегі екі мегаполис – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Әдепкіде карантин талаптарын түсінбегендер көп болғанымен қазір бұл екі шаһар тіршілігі де өз арнасын қайта тапқан сияқты.