Аймақтар • 10 Наурыз, 2018
Семейде мұзтайғаққа жығылғандар да, абайсызда сүйегін сындырғандар да бар.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2018
Семейлік Диана Байжұманова «Ұлттық ұлан аруы-2018» байқауының жеңімпазы
Әскери қызметкер қыздар арасындағы «Ұлттық ұлан аруы-2018» мәртебесін семейлік ару жеңіп алды.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2018
Шығыс Қазақстан тұрғындарының 50 пайызы - әйелдер қауымы
Бүгінде Шығыс Қазақстанда 730 мыңнан астам әйелдер қауымы бар екен. Бұл - облыс тұрғындарының 50 пайызы. Олардың 60 пайызы экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың санатына жатады. Әйелдердің 40 пайызы басшылық қызмет атқаруда. Өңірдің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында барлығы 80 мыңдай әйел еңбек етуде. 24 710 нәзік жанды педагог жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуда.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2018
Үржар ауданында биыл 30 пəтерлі көпқабатты тұрғын үй салынады
Сенесіз бе, сенбейсіз бе, Үржар ауданында соңғы 30 жыл көлемінде бірде-бір көпқабатты тұрғын үй салынбапты. Аудан орталығындағы соңғы көпқабатты үйлер 80 жылдары тұрғызылған көрінеді. Алла сәтін салса, биыл осы олқылықтың орны толтырылып, 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй бой көтеретін болады.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2018
Абай ауданына 15 тонна арзан көкөніс алып келді - ШҚО
Наурыз айы туса да қылышын сүйреткен қыс өңірден әлі кете қойған жоқ. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін, күннің ұзарып, түннің қысқаратын шағы енді басталғаны белгілі. «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» деп ұлы Абай айтқандай, дәл осы кезде қыстан қысылып шыққан жұртқа майлы ас болмаса да, құнарлы тағам қажет-ақ. Ол құнарлы тағамыңыз қалтаңызға салмақ салмаса тіпті ғанибет емес пе?