Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Түкпірдегі елді туризм асырайды
«Мынандай ғажап өлкені қалай ғана қиып көшесіңдер?» дер еді Алтайдың сұлу табиғатына таңғала қараған меймандар. Ондайда «қарт Алтайдың қаталдығын сезінбей айту оңай. Бір қыстап шықсаңыз, сіз де көшер едіңіз» дегің-ақ келеді. Шын, отын-суың, ала жаздай жемшөбің бар... Мұның бәрі жергілікті тұрғындар үшін қып-қызыл әуре, тыртың тірлік. Алты айсыз қарының көбесі сөгілмейтін өңірде мал бағып, егін егіп, әл-ауқатыңды көтере де алмайсың. Қолайсыз. Ел шетінің сетінеп жатқанының бір себебі сол.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2021
Індет жұқтырған адамды емдеуге қанша қаражат кетеді?
Алматы коронавирус індетінен құтылған жоқ. Бұл кесел мегаполисте қайта өрши бастағандықтан, шаһар 10 наурызда қайтадан «қызыл аймаққа» өткен болатын. Алайда қала билігі өз өлшемі бойынша Алматыны «қызылсары» аймақта тұр деп есептейді.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2021
Қазақстан жаңа индустрияландыру, өндірісті дамыту, шикізатқа тәуелділіктен арылу бағытында таңдаған жолынан жаңылмай, жоба-жоспарларды табысты жүзеге асырып келе жатыр. Еліміз 2010 жылдан осы уақытқа дейін Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде өңдеу секторын оңтайлы дамытып отырған жалғыз мемлекет. Сондай-ақ өңдеу саласы ел өнеркәсібінің негізгі өсу драйверіне айналуда. Мұндай серпілістің негізі экономикаға елеулі өзгеріс әкелген индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларында жатыр.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2021
Зейнетақы қаржысын жеке компанияларға беру пайда әкеле ме?
Көпшілік аса мән бермей, мән берсе да маңызын ұқпай жатқан бастама – зейнетақы қаржысын жеке компанияларға аудару мәселесі. Аударсақ пайда бар ма, аудармасақ неден ұтыламыз деген сұрақ бар. Жылдап жинаған ақшамызды компаниялар қалай жұмсайды деген де сауал туады. Компаниялардың әлеуеті бұған жете ме деген сұрақ бар. Әр сұрақтың астарынан қауіп те қылаң береді.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Жігерсіз жігіттер Жапонияға жете алмайды
Ташкентте өткен Grand Slam турнирінен кейін әлемдік рейтинг қайта жаңартылды. Сол жарыста 60 кило салмақ дәрежесінде күресіп, күміс медальді иеленген Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем және құрлық чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов мықтылар тізімінде үш сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде ол екінші орынды иеленуде. Әзірге Қазақстанның дзюдо күресі шеберлері арасындағы ең үздік нәтиже осы.