Спорт • 17 Наурыз, 2022
«Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
Жуырда ғана Бейжіңде мәресіне жеткен 2022 жылғы Қысқы Паралимпия ойындарының қола жүлдегері Александр Герлицке «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Спортшыға төсбелгіні Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тапсырды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Ұлттық Паралимпиада комитетінің Бас хатшысы Ерлан Сүлейменов және Паралимпиада құрамасының бас бапкері Василий Коломиец қатысты.
Футбол • 17 Наурыз, 2022
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 24 және 29 наурыз күндері Ұлттар лигасы аясында Молдова футболшыларымен електік ойынын өткізеді. Осы екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған команда жаз мезгілінде басталатын Ұлттар лигасының үшінші маусымында «С» лигасындағы орнын сақтап қалады.
Спорт • 17 Наурыз, 2022
Саңлақтарды сан соқтырған жастардың жанкештілігі сүйсінтті
Семейде спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыс КСРО спорт шебері, әлемнің ардагерлер арасындағы екі дүркін чемпионы, күрестің осы түрінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Керей Қойшыбекті еске түсіруге арналды. Үш күнге созылған белдесулер барысында республикамыздың барлық аймағынан келген 470 балуан бақ сынап, 23 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2022
Ұлт ұстазы және Әулиекөл мектебі
Алаш ардағы Ахмет Байтұрсынұлының 1891-1895 жылдары Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебінде оқығаны белгілі. Бұл мектепті бітіріп шыққан түлектерге 6 жыл мұғалімдік қызмет атқару міндеті жүктелген екен.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2022
Қарағайлы орманға қолдау қажет
Осыдан екі жыл бұрын елге індет кірмей тұрған кезде алдағы тіршілігімізге немқұрайды қарамайтын азаматтардың бастамасымен Алматыдағы «Қарағайлы орманның» алғашқы 33 көшеті отырғызылған еді. Содан бері талай оқиға өтсе де, экологиялық бақ өсіруді көздеген қала белсенділері бұрынғы идеяларын жалғастырып келеді. Қазір бұл жобаға эковолонтерлер ғана емес, бизнес, жоғары оқу орындары, сондай-ақ жергілікті билік те қосылды.