Тарих • 14 Наурыз, 2024
Тарихқа блогерлік емес, байыпты көзқарас қажет
Осы тақырыпқа біз, ғалымдар, ертеден көңіл аударуымыз керек еді. Билік тарапынан қоғам ортасына іріткі тудырып, от салу – көне заманнан келе жатқан «дәстүр». XX ғасырда сталиндік билік тарапынан адамды адамға қарсы қою, таптарға бөліп, топтарға тартып, оларды түрлі әрекетке мәжбүрлеу кеңінен тарады. Бұл – қоғамды, қайраткерлерді, зиялыларды бөлшектейтін, бір-біріне қарсы қоятын билеудің қитұрқы тәсілі. «Бөлшекте де, билей бер» (орысшасы «разделяй и властвуй», латынша «divide et impera») дегенді ең алдымен Рим императоры Юлий Цезарь айтты деген сөз бар. Әйтеуір осы сөзді Сталиннің кезіндегі кеңестік билік басшылыққа алғаны ақиқат.
Сұхбат • 14 Наурыз, 2024
Ербол АХМЕТЖАНОВ: Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды
Жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сот реформасы азаматтардың құқы мен бостандығының, заңды мүддесінің әділ қорғалуын қамтамасыз ету, сол арқылы елімізде заң үстемдігін орнату мақсатын көздейді. 2023 жыл сот саласындағы әкімшілік қызметкерлері үшін қызмет сапасын жандандыруға бағытталған стратегиялық және операциялық менеджменттің жаңа моделінің енгізілуімен маңызды. Өткен жылдың басында Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі ретінде қайта құрылып, ол айрықша мәртебеге ие болды. Айрықша деп отырғанымыз, Сот әкімшілігі атауын өзгертіп қана қойған жоқ, оның мәртебесі Үкімет аппаратының деңгейімен теңесті. Сот саласындағы, оның ішінде өңірдегі сот ісіне қатысты соны бастамалар мен қолға алынған қанатқақты жобалар жөнінде Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол АХМЕТЖАНОВҚА бірер сауал қойған едік.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында жаңа үлгідегі «Интерактивті мультимедиялық бейнестудия» ашылды.
Ғылым • 14 Наурыз, 2024
«Жасыл сутегі» зауыты инженерін даярлайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына орай, Ш.Есенов университетінің (YU) және Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) бастамасы бойынша, DAAD неміс академиялық алмасу қызметінің қолдауымен Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп және Маңғыстау облысының өндірістік серіктестерінің жоғары қызығушылығына байланысты өткен жылдың қыркүйегінде Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты ашылды. Институт Маңғыстау облысындағы «жасыл сутегі» өнеркәсібінің қажеттілігін қанағаттандырып, Hyrasia Energy компаниясына мамандар дайындайтын болады. Hyrasia Energy компаниясы (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) Маңғыстау облысында «жасыл сутегі» өндіретін зауыт салу жобасын іске асырады. KINI баламалы энергетика және жаңартылатын ресурстар саласындағы болашақ инженерлерді дайындайды.
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Наурыз – ата-бабадан мирас болып жеткен ұлық мерекенің бірегейі. Көне парсы тілінде «Жаңа күн» мағынасын беретін айтулы мейрам еліміздің ынтымағы мен бірлігінің айғағы іспетті. Ұлыстың ұлы күні биыл жаңаша сипат алып, көкжиегі кеңейіп отыр.