Пікір • 17 Наурыз, 2022
Конституциялық соттың құрылуы – уақыт талабы
Республика Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауы Мемлекет басшысының өзі айтқандай кең ауқымды, жан-жақты құжат. Онда Жаңа Қазақстанды құру жолындағы нақты жауаптар толық қамтылды.
Пікір • 17 Наурыз, 2022
Еліміз дамудың жаңа кезеңі – Жаңа Қазақстанға аяқ басты. Бұл біздің сан ғасырлық терең тарихымыздағы бетбұрысты және тағдырлы сәт. Бүгінде әлем күрделі де қауіпті кезеңді бастан кешіруде. Қарулану мен жаһандық азық-түлік дағдарысының қаупі артып келеді, жанжалдар күшейіп, әскери қақтығыстар туындап жатыр, ауқымды санкциялар енгізілуде, климат өзгеріп, коронавирус пандемиясы жалғасып келеді.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Бұл Жолдаудың кезекті Жолдаулардан өзгеше болғаны анық. Сондықтан тарихи құжатта еліміздің алдағы бірнеше жылғы даму стратегиясы мен болашаққа бағыты ұсынылды деуге толық негіз бар.
Экономика • 16 Наурыз, 2022
Қазақ кәмпитінің дәмі – тәтті, мұңы – ащы
Ұлттық статистика деректеріне сүйенсек, қазақстандық кондитерлер 2022 жылдың қаңтар айында 4,6 мың тонна тәтті өнім шығарған. Ал былтырғы осы айдағы көрсеткіш – 5,5 мың тонна, ал 2020 жылы 6,9 мың тонна болды. Басты себеп – шетелдік тәттілердің көптігі әрі арзандығы және ресейлік өндірушілердің демпингі.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2022
Неге екенін, бүгінгі аты мемлекеттік тіл – қазақ тілі, қазақ тілін орыстанып барып-барып қалған қоғамда бәсін асырып – асырып апарып орнықтырған – «Халықаралық қазақ тілі» қоғамы жайында ақ жарыла ойладым. Ойлағанда жүзі жарқын тіл сарбаздары келбеті көз алдыма келе қалды. О, о, қаншама іс атқарды айбозым сабаздар-ай. Қоғамның бүгінгі мүшкіл жағдайын ойладым. Денем ұйып, дегбірім қашты. Қайтадан тар кезеңде Ана тілін арындай арлаған, қазақ тілін жұртта қалған жетім күшіктей ұлып жоқтаған, жоқтай жүріп арланға айналған ұлттың отаншыл рухты сарбаздары, туған тіл тарландары жайында тәтті ойға дес бердім. Әңгіме – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бір сарбазы, сарбаздың атқарған азаматтық істері хақында.