Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
Кеше Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров еліміздің астық әлеуеті туралы кеңінен баяндап берді. Ол нан бағасының қымбаттауына еш негіз жоқ екенін айтты.
Алмалылықтардың көңілі неге күпті?
Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Соңғы жылдары республикалық автокөлік желілері құрылысы бойынша аса зор, тарихи маңызды жұмыстар жүргізілді. Тұтастай алғанда, біз 12,5 мың км автомобиль жолы мен 2,5 мың км темір жол, теңіз порттарын салдық және жөндеуден өткіздік. Әрине, автобандар салған маңызды, бірақ үйге дейін жол салған одан да маңыздырақ», деп атап көрсетті. Бұл халық көкейіндегі сөз еді. Мәселен, Шиелі ауданындағы Алмалы ауылы іргесінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобаны өтсе де, осы ауыл тұрғындары жолдың қиыншылығын көріп келеді. Әрі мал жайылымынан алшақтап қалған жайы бар.
Халық аузында «Совминка» атанып кеткен Алматыдағы «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ нейрохиругтары MicroVention компаниясы өткізген халықаралық симпозиум кезінде тамаша дәрігерлік дәрістер жүргізді.
Қиындықтан санавиация құтқарады
Астанадағы «Қазақстан инжиниринг» зауытында құрастырылған француздық Eurocopter компаниясының «ЕС-145» маркалы тікұшағын Қостанайдағы санавиация пайдалана бастады.
Шығыс медицинасының шипасы бар
Юрий Пя, Серік Ақшолақов, Нұрлан Бәтпенов бастаған астаналық атақты дәрігерлер Шығыс Қазақстанға екі күндік жұмыс сапарымен келді. Арқа төсінен арнайы келген ақ халаттылар 11 наурызда Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Өскемендегі облыстық аурухана мен облыстық мамандандырылған медициналық орталығында болды.