Ғылым • 13 Наурыз, 2024
Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төралқасының бірінші жұмыс отырысы өтті. Жиынға төралқа мүшелері мен Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі ғалым Дос Сарбасов, Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов қатысты. Отырыста Жас ғалымдар кеңесі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасына «жас ғалым» мәртебесін енгізуді және отандық ғылымның мәселелерін шешуге бағытталған басқа да нормалар бекітуді ұсынды.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуі – бейкүнә бала үшін ауыр соққы. Рухани тәрбиемен қатар, тұрмыстық игіліктерден де қағылған қаншама жеткіншек әке қамқорлығына зәру. Бүгінде жағдайы бола тұра алимент төлеуден жалтаратындар көбейген. Алматы қаласының жеке сот орындаушылары кәмелетке толмағандардың пайдасына алимент өндіріп алумен белсенді айналысып келеді.
Ғылым • 13 Наурыз, 2024
Қ.Сәтбаев университеті Физика-техникалық институтының жас ғалымдары Арман Өмірзақов пен Әлжан Байменов ванадий электролитін өндірудің отандық технологиясын жасап жатыр.
Кино • 13 Наурыз, 2024
«Жолға түс, жол өзі апарады» дейді ілгерідегі данышпандар. Ал оны қысқартпақ болып, жолдан бұрылып кеткен жанның жағдайы не болмақ? Адасып кету қауіпті шығар, ал адасып жүргеніңді білмеу – қасірет...
Мәдениет • 13 Наурыз, 2024
Әйел теңсіздігін Әбілхан да әдіптеген...
Бала күні тауқыметпен басталып, «бай мен кедей» кезеңінің қиындығын өз басынан өткеріп өскен халық суретшісі Әбілхан Қастеев туындыларында үрейден арылмай, үркек болып жетілген жұртының ең жіңішке үмітін үзбеуге тырысады. Шетсіз-шексіз қазақ жерінің сұлулығы, аспанмен таласқан таулары, жотасындағы жайлауы, ақшаңқан киіз үйлері, желмен жарысқан жылқылар, жұмыс үстінде көрінетін еңбек адамдарының жүзіндегі жайсаңдық – туған жерін кең жүрегімен сүйген Ә.Қастеевтің қайталанбас шығармаларына арқау болды.