Ғылым • 13 Наурыз, 2024

Қосымша қуат көзі

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қ.Сәтбаев университеті Физика-техника­лық инс­ти­ту­тының жас ғалымдары Арман Өмірзақов пен Әлжан Байменов ванадий электролитін өндірудің отандық технологиясын жасап жатыр.

Қосымша қуат көзі

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ванадий аккумуляторлары – энергия сақтау қоймалары ретінде экологиялық таза және тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін құрылғы. Кез келген электр қуатының үзілуі кезінде оларды қосымша қуат көзі ретінде пайдалануға болады. Сондай-ақ ол тұрақты және мықты электр желісі жоқ жерлерді электр көзімен қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Алынған нәтижелерге қарай, алдағы уақытта ванадий аккумуляторлары өндірісін кешенді түрде қолға алу жоспарланып отыр. Себебі күн мен жел энергиясын бірлесіп пайдалану жаңартылатын энергия көздерінің экономикалық тиімділігін ондаған есе арттырады, жоғары деңгейлі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Қазір әлемдік тәжірибеде тотығу-тотық­сыз­дан­дыратын батареялар үшін ванадий электролиттерін өндіру қарқындап дамып жатыр. Өйткені ванадий аккумуляторы – мәңгілік энергия қоймасы ретінде жұмыс істейді. Ал оның жұмыс температурасының диапазоны 10-40 градус аралығында жүреді.

 

Бекзат ҚҰЛШАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті