Экономика • 17 Наурыз, 2021
Бірлескен кәсіпорындар ашудың берері көп
Бішкекте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қазақстандық үкіметтік делегация екі елдің тауарларды өткізу жүйелерін синхрондау туралы келіссөздер жүргізді.
Руханият • 17 Наурыз, 2021
Павлодар облысындағы Ақсу қаласына таяу №6 ауылда шағын мұсылман зираты бар. Оның аумағында құлпытастар орнатылған ескі молалар жатыр. Солардың ішінде ерекше маңызы бар бір қабір – Павлодар-Ертіс өңірінен шыққан алғашқы қажылардың бірі Мерғалымдікі.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Жаңадан салынған Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимаратына орналасқан отбасылық оқу-кітапханасының директоры Бақыт Саурамбаева мұнда елдегі пандемияға қатысты карантиндік талаптардың әр кез сақталып отырғанын, сол арқылы ауданда өтетін кезектегі ұлағатты шаралардың да еш үзілмегенін алға тартты.
Саясат • 17 Наурыз, 2021
Жауапкершіліктен жалтару жолы тым көп-ақ
Мемлекет басшысы 2019 жылдың соңында қол астындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігі енгізілген заңға қол қойған болатын. Бүгінде бұл заң талабы қаншалықты орындалып жүр? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен аппарат жиынында осы мәселе кеңінен талқыланды.
Таным • 17 Наурыз, 2021
Қазақ даласындағы аштық және онымен күрес туралы
Қазақ халқы Кеңес өкіметінің тұсында бірнеше алапат аштықты бастан кешірді. Соның бірі – 1921-1922 жылдардағы аштық еді. Бұл аштық – тек Қазақстанның 5 губерниясын ғана емес, Ресейдің 30-дан астам губерниясын қамтыды. Әсіресе, Ресейдің Самара, Саратов, Поволжье, Оңтүстік Украина, Қырым, Башқұртстан, Приуралье және Батыс Сібір аймақтары аштықтан қатты зардап шекті. Аштық жайлаған осы 35 губернияны мекендеген 90 миллион халықтың 40 миллионы (ресми мәліметтерде 28 млн) аштықтың ауыр зардабын тартса, оның 5 миллионнан астамы алапат аштықтың құрбаны болды. 1920 жылғы 28 тамызға дейін жүргізілген демографиялық санақ пен осы жылдың күз айларында аяқталған ҚАКСР ауыл шаруашылығы санағының нәтижелеріне сәйкес жасалған ҚАКСР Статистика басқармасының қорытындысы бойынша 1920 жылы ҚАКСР-де барлығы 4.938.383 адам тіркеуге алынса (сол кездегі Түркістан АКСР-іне қарасты Сырдария және Жетісу облыстарының халқын қоспағанда), 1923 жылы ҚАКСР-дегі халық саны – 3.786.910 адам болған. Бұдан 1920-1923 жылдар аралығында ҚАКСР-де халық санының 1.151.473 адамға кемігенін байқаймыз (Осы мәліметке қарай отырып, шамамен алғанда азайған 1,151 мың халықтың қаншасының аштықтан, қаншасының жұқпалы аурулар мен індеттерден қайтыс болғанын және қаншасының көршілес республикаларға босып кеткенін терең зерттеп, нақтылау қажет деген қорытынды жасаймыз). Аштық басталған соң-ақ, В.И.Ленин бастаған большевиктер партиясы шұғыл дабыл қағып, аштыққа қарсы күрес жұмыстарын бастады. Осы жұмыс аясында, 1921 жылы 18 маусымда Бүкілресейлік ОАК декреті бойынша Ашыққандарға көмектесетін Орталық комиссия (ЦК Помгол) құрылып, оны БОАК төрағасы М.И.Калинин басқарды. Мұндай комиссиялар РКФСР-ға қарасты барлық автономиялы ұлттық республикалар мен облыстарда, губерниялар мен уездерде түгел құрылды. Соның бірі – 1921 жылы 8 шілдеде құрылған ҚАКСР ОАК жанындағы Ашыққандарға көмектесетін төтенше комиссия (АКТК) еді. Комиссияны Қазатком төрағасы С.Меңдешев басқарса, оның алғашқы құрамына мүше болып Азық-түлік (И.О.Шлейфер), Жер-су (В.Н.Харлов), Әлеуметтік қамсыздандыру (Ә.Т.Жангелдин) халық комиссарлары және ЖШИ халкоматының өкілі кірді. Барлық губаткомдар мен уаткомдардың және ауаткомдардың жанынан ашыққандарға көмектесетін жергілікті комиссиялар құрылды. Болаткомдардың, ауылдық және селолық кеңестердің жанынан ашыққандарға көмектесетін өзара көмек комитеттері мен ұяшықтар ұйымдастырылды. 1921 жылы 6 қазанда өткен ҚАКСР Кеңестері ІІ съезінің 4-ші мәжілісінде Азық-түлік халкомының міндетін атқарушы И.О.Шлейфер «Аштықпен күрес туралы» баяндама жасады. Съезд Шлейфердің баяндамасын талқылап, «Аштықпен күрес туралы мәселе жөніндегі қарар» қабылдады. 1921 жылы 25 қазанда ҚАКСР ОАК Президиумы АКТК құрамын кеңейтіп, оны Ашыққандарға көмектесетін орталық комиссияға (АКОК) айналдырды (Комиссия 1922 жылдың 26 қыркүйегінде таратылып, оның орнына Аштық салдарымен күресетін орталық комиссия құрылды). АКОК құрамына ашыққандарға көмектесуге ықпал жасай алатын барлық мемлекеттік билік органдарының өкілдері енгізілді. 1922 жылы 12-17 ақпан аралығында аштыққа ұшыраған губерниялар өкілдерінің қатысуымен Орынборда өткен Ашыққандарға көмектесетін комиссиялардың І бүкілқырғыздық (бүкілқазақтық) съезінде АКОК төрағасының орынбасары С.Д.Сергеев аштықпен күрес туралы баяндама жасады. Ал арада 2 күн өткен соң Орынборда басталып 27 ақпанға дейін созылған Екінші облыстық партконференция делегаттарының алдында С.Меңдешев «ҚКСР-дегі аштық және онымен күрес туралы» баяндама жасады. Біз бүгін Қазаткомның тұңғыш төрағасы болған С.Меңдешевтің стенографиялық есепке түскен осы баяндамасын (ҚРПА, 139-қор) орыс тілінен аударып, редакцияға ұсынған Сәбит Шілдебайдың материалын жариялап отырмыз.