Оқиға • 30 Наурыз, 2021
Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов пен Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) басқарушы органдарының мүшелігіне тағайындалды.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2021
Індеттен арылудың жолы – екпе салдыру
Аты жаман індеттің үшінші толқынының ел аумағында таралуына байланысты Шымкент қаласында карантин ережесі 12 сәуірге дейін ұзартылды. Әсіресе наурыз айының бел ортасынан бастап шаһарда коронавирус індетін жұқтырғандар саны арта түсті. Бір ғана мысал, 28 наурызда КВИ-дің 45 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 25, белгілері жоқ – 20). 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды.
Елбасы • 30 Наурыз, 2021
Қазақ елі Тәуелсіздігінің отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы киелі Түркістанның жандана түсуіне, бүгінгідей ауқымды істердің атқарылуына негіз болды. Иә, осыдан үш жылдай уақыт бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысының дүниеге келіп, Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы түркі әлемінде тарихи оқиғаға балануда.
Әлем • 30 Наурыз, 2021
Құндылықтар құлдырап, жүректер қатайған қоғамда адам саудасы қыза түспесе, азаймасы анық. Бүгінде қылмыстың бұл түрі шекара таңдамайды, ұлтты сұрыптап жатпайды.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2021
Алаш атын аспанға шығарады олар...
Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі қандай? Қай қырымызбен асып, қай қырымыздан кемшін түсіп жатырмыз? Жалпы, қазақ жастарының портреті қандай болуға тиіс? Дәстүрге айналған «Азаматтық алаң» отырысында отандық сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары өзектілігін жоғалтпайтын жоғарыдағы сұрақтар аясында ой қозғады.