Тұлға • 29 Наурыз, 2023
Кеңес одағы кезінде Қазақстан аумағында КСРО Әскери-теңіз флотының бірде-бір бөлімшесі болған жоқ. Еліміз егемендік алып, Президенттің Әскери-теңiз күштерiн құру туралы Жарлығы шыққан уақыты 1993 жылдың екінші сәуірі еді. Алайда бұл кезде әскери теңізшілердің жауынгерлік және күнделікті қызметін реттейтін құжаттама да, техника да, кадрлар да болмаған.
Қоғам • 29 Наурыз, 2023
Кейінгі жылдары отандық тарихи сериалдар жиі түсіріліп жатқанын көрермен қауым жақсы біледі. Осы орайда биыл отандық сериал контентті кәсіби тұрғыда бағалайтын «Nauryz» ұлттық бәйгесі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өткізіліп отыр. Дүбірлі додаға қатысу үшін бүгінге дейін Nauryz-awards.kz сайтына 250-ден аса өтінім келіп түскен. Телетуындылар түрлі тақырып пен кезеңді қамтиды. Күні кеше ғана шығармашылық байқауда жеңістен үміттілер іріктеліп, шорт-лист жарияланды.
Елорда • 29 Наурыз, 2023
«Сатираның диюы» атанған Садықбек Адамбеков, Оспанхан Әубәкіров сынды алыптар легінің ізін жалғаған Көпен Әмірбек есімі уақыт ағынымен бірге жандануда. Сатираның жілігін шағып, майын ішкен сардар талант соңына классикалық үлгі қалдырып, сара жол салды. Өнер деп сүрген өмір өнегесі кейінгіге сәуле шашып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасары даусыз.
Оқиға • 29 Наурыз, 2023
Кәрі адамның төсек тартып, ана дүниеге әне-міне аттанғалы жатқаны күлкілі дүние емес. Бұл – қайғылы оқиға. Бірақ Тынымбай Нұрмағанбетовтің шығармаларын оқып отырып, қанша жерден мұңды болса да егіліп бір шын жылай алмайсың. Езуіңе күлкі үйіріліп, ащы әжуасына кейде мырс етіп, кейде астарын түсініп, мезет ойланып қаласың.
Әдебиет • 29 Наурыз, 2023
Әдебиетте арнау өлең деген бар. Көнеден келе жатса керек. Әлем әдебиетінің бәріне тән болғандықтан, бізде де небір түрлері кездеседі. Әсіресе жыраулар поэзиясынан озық үлгілері аз ұшыраспайды. Сол қадым замандардан жеткен жыр, толғаулар біреуге қарата айтылғанымен, тұтас арнау деп қабылдауға келіңкірей де бермейді. Толғау десе жарасады. Алайда жеке басқа, бір адамға қатысты айтылғандықтан, арнау емес деп тағы айта алмайсыз. Бүгінде әдебиетті шын түсінуге тырысатындар арасында жиіркеніш тудыруға айналған, мүлде қабылданбайтын өлеңнің осы түрінің ертеректегі тұрпаты мүлде оқшау болғанын айтқымыз келеді.