Спорт • 29 Наурыз, 2023
Парижде бағымды тағы бір сынап көремін – Алмат КЕБІСБАЕВ
Олимпиада бағдарламасына енген күрестің барлық түрі бойынша әлем чемпионаттарында жеңіс тұғырына бес мәрте көтерілген елімізде екі-ақ балуан бар. Алғашқысы – Валерий Резанцев. Даңқты жерлесіміз өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қарсыластарын қоғадай жапырып, бас жүлдені бес рет олжалады. Екіншісі – Алмат Кебісбаев. Грек-рим күресін серік еткен қандасымыздың еншісінде дүниежүзілік доданың бір күмісі мен төрт қоласы бар. Одан бөлек, Алмат Азия ойындары (1 күміс, 1 қола), Азия чемпионаты (2 алтын, 3 күміс) және Дүниежүзілік Универсиадада (1 күміс) атой салды. Балуанның жасы 35-тен асса да, ол бозкілеммен әлі де қош айтысқан жоқ. Бүгінгі кейіпкеріміздің басты мақсаты – Париж Олимпиадасында жеңіске жету.
Форум • 29 Наурыз, 2023
Бішкекте өткен «Central Asian Tech Awards – 2023» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеті аталымның үшеуінде отандастарымыз үздік атанды. Олар АҚШ-тағы Кремний алқабына жолдама алды.
Технология • 29 Наурыз, 2023
Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Вячеслав Кузьмин өрт кезінде адамдарды құтқаруға арналған құлтемір ойлап тапты. Ерте жастан робот жасауға қызығушылығы да, бейімі де бар жасөспірім 5-сыныптан бастап мектептен тыс уақытта «техникалық шығармашылық орталықта» қосымша білім алады. Аталған жобаны орталықтағы тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жүзеге асырған.
Технология • 29 Наурыз, 2023
Жасанды интеллектің артықшылығы мен мүмкіндігі көп екенін көріп-біліп отырмыз. Әлемде бірнеше чат-бот әзірленіп, қолданысқа енгізілгені де мәлім. Ал жақында қазақ тілінде құрастырылған алғашқы жасанды интеллект (artificial intelligence – AI) пайда болды. Жобаны Әкімбек Медхат пен Отарбай Дәурен жасап шыққан.
Қоғам • 29 Наурыз, 2023
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген сөздің түпкі мәні тереңде жатқаны даусыз. Жасыл желегі жайқалған Жамбыл өңірінің көркі – саясы биік-биік талдар. Көктем келе сала жергілікті атқарушы билік көктемгі дала жұмыстарымен қатар көшет егу ісіне айрықша назар аударады. Ауыл-ауылдағы жергілікті халық та ауласына тал-дарақ отырғызуды парызы санайды.