Зерде • 28 Наурыз, 2024
Қазақ «Бұл жарық әлем күннің нұрлы сәулесінен, ананың ақ сүтінен жаралған» дейді аналарды ерекше құрметтеп. Аналарды қалай құрметтесек те жарасады. Аналар туралы нешебір ақындар керемет сырлы жыр жазып, сазгерлер әсем ән арнап, жазушылар сандаған қызықты роман, хикаят пен әңгіме жазып, қылқалам шеберлері өз сурттерінде аналар образын әсерлі өрнектеп, мүсіншілер небір ғажайып ескерткіштер орнатты. Соның бір айғағы – біздің сүйікті Тараз шаһарының орталығына орнатылған «Анаға тағзым» ескерткіші. Асыл аналар құрметіне арналған осындай көрнекті ескерткіштер Ақтөбеде, Атыраудың Мақат пен Бейнеуінде, Қарағандының Қарқаралысында және басқа да жерлерде орнатылған. Бұл – көпшіліктің аналарға деген зор құрметі, халықтың анаға деген шексіз махаббаты.
Сұхбат • 28 Наурыз, 2024
Хұсейн ӘМІР-ТЕМІР: Алдымен шахтер, кейін актер болдық
«Өнерден өзге ойы жоқ». Белгілі театр сыншысы, марқұм Әшірбек Сығай кезінде режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темірдің азаматтық болмысы мен театрдағы тегеурінді еңбегіне дәл осылай баға берген екен. Дөп сөз! Өйткені қашан жолықтыра қалсаң да, әңгімесін әріден, сахна сырынан терең суыртпақтайтын сырбаз жанның өнер десе көңілі де өзгеше өрекпіп тұрады. Сексеннен асса да, сергек қалпын жоғалтпаған сахна саңлағы әлі де театрын туған баласындай өбектейді. Кездесудің сәтін көптен бері орайластыра алмай жүрген кейіпкерімізді Қызылордадан Астанаға келген сапарында арнайы іздеп барып, әсерлі әңгімесін тыңдап қайттық.
Таным • 28 Наурыз, 2024
Біз осы классиктермен бір планетада тұрамыз дейміз. Бірақ ғұмыры аңызға айналған ақын-жазушылардың ойы, болмысы мен мінезі, өмірі – өзінше бір бөлек әлем, бізден түу жырақтағы қабат-қабат аспаннан да жоғары кеңістік сынды. Әдебиет тарихында ақын-жазушылардың бойындағы қызық, бәлки оғаш, кейде қорқынышты, ерек ғадеттер мен іс-әрекеттер жиі кездеседі. Еркеліктері де аз емес және өздеріне жарасады. Шығармашыл адамдардың бұл біртүрлі мінезі – бар болмысы, өмірдегі шынайы қалпы. Кейде оқырман оларды осы тосын мінезі үшін, таңғаларлық әдеттері үшін жақсы көреді. Кейде түсінбей, шошып түседі. Басқа әлем деп отырғанымыз да содан шығар.
Әдебиет • 28 Наурыз, 2024
Көркем әдебиеттің күрмеуі күрделеніп, сюжеттік коллизияның кернеуі күннен-күнге күшейіп келеді. Шытырман оқиға оқырманды ой орманында әбден адастырып әуреге салады. Онысы оқырманды тіптен шаттандыра түседі. Себебі оған алда не болатыны қызық. Осындай мың құбылған, бір-біріне ұқсамайтын сюжеттерді ойлап табуға адам санасы қалай қол жеткізді? Асылында адам баласы бір ата, бір шешеден тарағанындай барлық сюжеттік композиция да бір оқиғадан өрбуі мүмкін ғой?
Оқиға • 28 Наурыз, 2024
Әдетте тел өскен егіздер бір-бірінің қуанышын, күйініші мен сүйінішін алыста жүрсе де сезеді дейді. Бір анадан туған соң-дағы тылсым құдірет бар шығар. Ал достар арасында мұндай байланыс болуы мүмкін бе? Талаптан Ахметжанның «Мұң» дейтін әңгімесінде нағыз достық та, мөлдір махаббат та, қазақтың ұмыт болып бара жатқан әмеңгерлік дәстүрі де бейнеленген. Көркем әрі жеңіл жазылған әңгіменің құрылымы да өзгеше.