Зерде • 05 Наурыз, 2024
Алаш бүкілресейлік құрылтайсыз қазақ мемлекетін қалай құрды?
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен соң бұрынғы отаршыл империяның тағдырын Бүкілресейлік құрылтай жиналысы шешеді деген зор үміт болды. 1917 жылғы қазақ облыстық сиездері мен Бірінші жалпықазақ құрылтайы бірауыздан алда шақырылуға тиіс Бүкілресейлік құрылтайдан Ресейді федеративтік демократиялық республика деп жариялауды және қазақтың ұлттық мемлекетін құруға деген өшпес құқын мойындауды талап етті. Бірақ сол жылдың қазан (қараша) айында бәлшебектердің қылмыстық жолмен Ресей билігін басып алуы салдарынан «Алаш» партиясы жетекшілері Құрылтайдың шақырылуын тоспай-ақ ұлттық мемлекеттің шаңырағын қайта тікті.
Ғылым • 05 Наурыз, 2024
Бие сүті – антибиотикке жәрдемші
Бабаларымыз төрт түліктің төресі туралы «жесең – ет, мінсең – көлік, ішсең – сусын» деп қалай тауып айтқан, ә! Әсіресе бие сүті емге – шипа, дертке – дауа. Халқымыз оның емдік қасиетін бұрыннан білгенімен, ғалымдар оған жасушалық деңгейде зерттеуді енді бастады. Бұл Nazarbayev University National Laboratory Astana зертханасында алғаш рет жүргізіліп отыр. Аталған зертханада ғалымдар жасушаішілік инфекцияларды емдеуге антибиотиктерді жеткізу әдісін әзірлеуді қолға алды. Бұл жоба туралы бізге зертхананың аға ғылыми қызметкері Шыңғыс Серғазы әңгімеледі.
Ғылым • 05 Наурыз, 2024
Маңғыстаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті кейінгі жылдары өз қызметін өңірдің өзекті ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге бағыттап отыр. Мұнайлы өлкедегі ең басты мәселенің бірі ауызсу тапшылығы десек, жоғары оқу орны аясында осы бағытта ауқымды ғылыми жоба қолға алынды.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
Наурыз айынан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан «Технократтар талқысы» бағдарламасы көрерменге жол тартады.
Әскер • 05 Наурыз, 2024
Әскердің әлеуеті – білікті маман
Әскери кадрларды даярлау деңгейі қандай? Бұл сұрақтың жауабы әскерлердің жауынгерлік дайындығына қатысты міндеттердің қай деңгейде екенін көрсетіп береді. Себебі әскердің әлеуетін айқындайтын бірден-бір фактор – кәсіби маман, оның білімі мен біліктілігі.