Технология • 04 Наурыз, 2024
Дубайда отандық стартаптарға қолдау көрсететін IT-хаб ашылды. Qaz Step Innovation Hub IT-жобаларға өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға, өндірісін алға жылжытуға жәрдемдеседі.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2024
Қызылордада Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен кездесіп, вегетация кезеңіндегі болжамды су көлеміне сәйкес егін егу мәселесін талқылады. Кездесуге су үнемдеу технологияларын қолдануда тәжірибесі бар кәсіпорын өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2024
Қарғын суды кәдеге жаратудың маңызы
Көктемде Ақтөбе облысындағы 15 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр. Жақын күндері күн жылынып, жердің тоңы жібімей жатып қар бірден ерісе, өзендер арнасынан асып, төңіректегі тұрғын үй алаптарын су басуы әбден мүмкін. Қазір қыстың аязды күндерінің сақталуына қарамастан, наурыздың алғашқы күндері ауа температурасы жоғарылап, айдың ортасына қарай нөсер жаңбыр жауады деген болжам бар. Облыстық ТЖД су басу қаупі жоғары тұрғын үй алаптарында тұратын 15 337 адамды эвакуациялауға арналған 87 уақытша орналастыру орны, 30 шатыр мен 600 төсектік орын жабдығы әзірленгенін хабарлады.
Ауа райы • 04 Наурыз, 2024
Бұрқасын, көктайғақ. Ертең өңірлерде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 5 наурыз күні Қазақстанның 8 аймағында қолайсыз ауа райы болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 04 Наурыз, 2024
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп жазады Egemen.kz.