Фото: оrtalyq.kz
5 наурыз күні Павлодар облысы аумағында бұрқасын жүріп, тұман түседі. Облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел тұрып, көктайғақ болады.
Қостанай облысында тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі деп болжанып отыр.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні - 15-18 м/с жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болатыны айтылды.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.