Қоғам • 10 Наурыз, 2022
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көпбалалы аналармен кездесіп, мұң-мұқтажы, ұсыныс, тілектерін тыңдады. Кездесуге көпбалалы аналармен бірге қоғам белсенділері, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Қарағандыдағы Пришахтинск деп аталатын елді мекенде ерекше жандар еңбек ететін кәсіпорын бар. Қырық жылдан бері тынбай жұмыс істеп келеді. Бұл жердегі цехтарда көлік техникаларына арналған сүзгілер, гофрленген картоннан жасалатын контейнерлер, пицца қорапшалары, бір рет қолданылатын ыдыстар және тағы басқа да сұранысқа ие өнімдер шығарылады.
Әлем • 10 Наурыз, 2022
Украинадағы соғыс басталғалы екі апта өтті. 2 миллионнан аса адам шетелге босып, мыңдаған тұрғын мерт болды. Қаза тапқан сарбаздар саны өте көп. Украина-Ресей келіссөздерінің үшінші раунды нәтижесінде, гуманитарлық дәліз аз-кем ашылып, атыс аймағындағы қалалардан халық жаппай кетіп жатыр.
Бизнес • 10 Наурыз, 2022
1,26 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды
Халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты негізгі сандарды екшеледі. «Даму» қорының шағын және орта бизнеске көрсеткен қолдауының 46%-ы – әйелдер кәсіпкерлігінің еншісінде.
Пікір • 10 Наурыз, 2022
Ұлттық құндылықты ұлықтаса, ұтылмайды
Президент Қ.Тоқаев еліміздегі жетекші саяси партияның кезектен тыс съезінде ұйымның атауын Amanat деп ауыстыру туралы: «Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне, осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады», дей келіп, «Аманат» сөзіне байланысты өте кең талғамды пікір айтады.