Бизнес • 10 Наурыз, 2022

1,26 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды

158 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты негізгі сандарды екшеледі. «Даму» қорының шағын және орта бизнеске көрсеткен қолдауының 46%-ы – әйелдер кәсіпкерлігінің еншісінде.

1,26 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды

«Даму» қоры арқылы қол­дауға ие болған микро, шағын және орта бизнестегі кәсіп­кер әйелдердің орташа ста­тис­­тикалық портреті мынадай: Оның жасы 39-40-та, ЖК ашқан, көбінесе сауда саласында кемі 10 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Әр екінші кәсіпкер әйел мем­лекеттік қолдауды инвестиция үшін пайдаланады.

«Даму» қоры қолдау көр­сеткен барлық жобаның ішін­­де 72,3 мың жоба немесе 46%-дан астамы – әйел­дер­дің идеясымен жүзеге ас­қан. Биз­нестегі аруларға көрсе­тіл­ген мем­лекеттік қолдаудың жалпы со­масы 1,26 млрд теңгені құ­рай­ды. «Даму» қоры кә­сіп­кер­лікті қол­дайтын ұлттық даму инс­ти­туты ретінде гендерлік аспек­­тіге көп көңіл бөледі және әйел­дердің бастамаларын қол­дап отырады», дейді «Даму» кәсіпкер­лікті дамыту қоры» АҚ бас­қарма төрайымы Гаухар Бурибаева.

«Даму» қоры негізгі үш құ­рал арқылы қолдау көрсетеді. Олар: екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несие беру, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және микро, шағын және орта биз­нес субъектілерінің несие/мик­ронесиелері бойынша ішінара кепілдік беру. Осы құралдардың ішінде жеңілдікпен несиелеуге әйел кәсіпкерлерден сұраныс көп. Жалпы несие алған­дар­дың 58%-ы немесе ақша­лай 322 млрд теңге осы нәзік жан­дардың үлесінде. Әйелдер кәсіп­керлігіне мемлекеттік қол­дау­дың басым бөлігі Еуропа қайта құру және даму банкінің «Бизнестегі арулар» бағ­дар­ламасы, сондай-ақ Азия даму банкі­нен тартылған несие желі­лері арқылы жүзеге асырылды.

Сыйақы мөлшерлемесін суб­сидиялау сияқты құрал бо­йынша жобалар арасында әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі 39%-ды құраса, бұл – 16,7 мың жоба. Ақшалай алғанда мем­ле­кет­тік қолдау көлемі 1,13 млрд теңгеге жетті.

Ақтөбе облысында пайыз­дық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау сияқты құрал арқылы 2021 жылы мемлекет қолдау көрсеткен жобалардың бірі – ұн және нан-тоқаш өнімдерін мұздатып сату өндірісі.

Shugar.kz ЖШС басшысы Татьяна Александрова ауқымды маркетингтік зерттеу жүргізіп, екі жыл бойы Еуропа мен Ресейдегі тамақ өнеркәсібі өндірушілерінің көрмелеріне қатысқан. Осылайша, ол Қазақ­станда әлі ешкім қолға ала қоймаған бизнес түрін тап­ты. Кәсіпкердің айтуынша, оның бизнесі өте өзекті. Қазір жұрт­тың бәрі жұмыста, үй ша­руасына күш те, уақыт та қал­майды. Оның өнімдерін пешке 15 минутқа сала қойса болғаны. Жаңа піскен хош иісті нан, круас­­сан, ет немесе тәтті са­лын­­­дысы бар бөректер дайын.

«Даму» қоры кепілдік беру сияқты құрал бойынша 12,6 мың жобаға немесе жалпы ке­піл­дік алушылар санының 38%-ына қолдау көрсетті. Осы ба­ғыт­тағы мемлекеттік қолдау кө­лемін ақшалай алсақ – несие сомасы млрд теңге болады. Ал берілген кепілдік мөлшері 102 млрд теңгені құрайды.

Қазақстандағы Монтессори желісіндегі балабақшалар мен мектептердің бас директоры және құрылтайшысы Регина Карибаева бизнестің қазіргі әлем тартысында қалай төтеп бере алатынын және тұрақты дамуға арулардың қалай үлес қоса алатынын өз ісімен көр­сеткен жан.

«Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде біздің бала­бақ­шаларымыз мен мектептеріміз балалардың дамуына ең жақсы жағдай жасай алады», деп есептейді Регина Карибаева.

Елімізде микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері иелерінің жалпы санының 43%-ын арулар құрайды. Олардың басым бөлігі білім беру, жылжымайтын мүлік, тамақ­тан­дыру, сауда және денсаулық сақтау саласында бизнестерін дөңгелетіп отыр. Яғни ең алдымен, әйелдер өз отбасы мен жақындары үшін жайлы жағдай жасап, өмірін жақсартқысы келетін салаларда бизнес ашуға бейім.

 

АЛМАТЫ