Ғылым • 09 Наурыз, 2023
Жас ғалымдарымыз ғылыми тұжырымдарын түйіндер тұста тек еуропалық, америкалық ғылымның негіздеріне сүйенуді әдетке айналдырған. Қазақы таным-түйсіктен тамыр үзіп бара жатқан секілдіміз. Әрине, бұл елдердің ғылымы мен білімі, технология саласы жақсы дамығанын жоққа шығармаймыз. Дегенмен олардың өмір сүру дағдысы, тіршілік ету ортасы бізден мүлдем бөлек екенін, тіпті үйлеспейтінін естен шығармайық.
Форум • 09 Наурыз, 2023
Қыз-келіншектер бастамасына қолдау
Шымкент қаласында SEN деп аталатын қыз-келіншектердің бірінші форумы бастау алды. Аталған іс-шараның өтуіне қала әкімдігі тікелей қолдау білдірген. Форум қатысушылары шаһардың нәзік жанды іскер қыз-келіншектері. Ал жалпы жиынның көздеген басты мақсаты – қыз баласын табысты болуға ынталандыру, өмірде жеке кәсібін ашып іс бастауға бағыт-бағдар сілтеу. Сондықтан да ұйымдастырушылар алқасының ұстанған қағидасы ол «Өзіңе сен, отбасыңа сен, еліңе сен – сенің қолыңнан бәрі келеді!» деген ұран.
Үкімет • 09 Наурыз, 2023
Былтыр Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективаларын іске асыру аясында білім беруді дамытудың жол картасы әзірленген болатын. Жол картасы өңірдегі білім беру саласында туындаған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
Университет • 09 Наурыз, 2023
Кәсіпкер эндаумент қорына қаржы аударып, студенттерге шәкіртақы тағайындады
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Astana Clinic» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компания басшысы Борис Чен ENU Endowment Fund қорына қаржы аударды және университет студенттеріне ай сайынғы шәкіртақы тағайындады.
Ұстаз • 09 Наурыз, 2023
Сырбай Мәуленов атындағы гимназия мұғалімі Балғанат Базарбаева жиырма сегіз жыл бойы бала оқытып, өскелең ұрпаққа өмірлік азық, өлмес өнеге дарытып келеді. Білікті ұстаздың шәкірттері тарих пәні бойынша қала, облыс көлемінде өтетін ғылыми байқаулар мен олимпиадалардан құр қол қайтқан емес. Тіпті республикалық білім жарыстарынан да озық шығып, алдыңғы қатардан көрініп жүр.