Театр • 09 Наурыз, 2023
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана Балет» театрының мерейтойлық маусымға арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Алқалы жиында театр директоры Александр Совостьянов, көркемдік жетекші Нұрлан Қанетов, бас дирижер Арман Оразғалиев, сондай-ақ Urker тобының мүшелері Айдос Сағат пен Рүстем Мусин баяндама жасады.
Әдебиет • 09 Наурыз, 2023
Біздің бала күнімізде әдемі жазу жалпыға бірдей ортақ ереже еді. Тіпті сол сәтте көңіл күйіміз қандай болғанын ақ парақ бетінде кестеленіп қалған қолтаңбамыздан танитын. Алғашқы сыныптарда жүрген кезде көркем жазуды үйрететін арнайы пән де болды. Ұмытпасам, «Жазу үлгісі» деп аталатын. Қалыңдығы дәптердей ғана сол кітапшадағы маржандай тізілген әріптерді айнытпай жазу талай баланың арманы еді.
Әдебиет • 09 Наурыз, 2023
Жалған Пафос немесе қазақ өлеңіне суицидтік сарын қайдан келді?
Абай туралы ең көп айтылатын сөз қайсы? «Абайдың қозғайтыны – іштің қайғысы». Байқайсыз ба, бұл өте ыңғайлы позициядан айтылған сөз. Ешкім жоққа шығармайды, дауласпайды. Сөзсіз мойындалған пікір кейде әдебиетте қауіпті болады. Әрі қарай ойлай алмайсың, ойыңды дамыта алмайсың. Ал бұған біздің аздаған уәжіміз бар.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2023
600 мыңнан астам көшет егіледі
Наурызда атқарылатын игі істің бірі – тал егу. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін ағаш отырғызу – маңызды істердің бірі. Осындай игі істің жандана түсуіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктелген 2021-2025 жылдар аралығында еліміздің орман алқаптарында 2 млрд және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн ағаш көшетін отырғызу міндеті де ықпал етіп жатыр.
Қоғам • 09 Наурыз, 2023
Құлан деп жүргеніміз домбай емес
«Egemen Qazaqstannyń» биылғы 23 қаңтардағы санында жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының «Домбайды қашанғы «құлан» дейміз?» атты мақаласына назар аудара қалдық. Құлан тақырыбы Маңғыстау – Үстірттің белгілі өнерпазы, әнші, етікші Қорабайұлы Қайыптың өмірін зерттеп жүрген біз үшін, әрине, қызықты.