Саясат • 04 Наурыз, 2024
Талдау мектебінің үшінші кезеңі аяқталды. Осыған орай қатысушылар жұмыстарын қорытындылап, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге арналған 13 баяндаманы көпшілікке таныстырды.
Қоғам • 04 Наурыз, 2024
Этностарды ұйыстырған «Birlik»
ТМД тарихында тұңғыш рет құрылған этностар мәдениеті мен өнерін насихаттайтын «Birlik» ансамблі тұсаукесер концертін өткізді. Шығармашылық ұжым алғашқы тартуын Алғыс айту күніне орай ұйымдастырды. Көрермен назарына түрлі этностың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін жеке хореографиялық шығармалар мен аспаптық, вокалдық бас-аяғы 15 нөмір ұсынылды. Ән-би ұжымы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылған.
Форум • 04 Наурыз, 2024
Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы өтті. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, аталған комиссияның мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көпбалалы аналар, ұстаздар, облыстың зиялы қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Үкімет • 04 Наурыз, 2024
Еңбек нарығын дамытуға жүйелі көзқарас
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Оған орталық мемлекеттік органдар, кәсіподақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілер одағының өкілдері және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Әлем • 04 Наурыз, 2024
15-17 наурызда Ресейде президент сайлауы өтеді. Елдің Орталық сайлау комиссиясы қаңтар айында Владимир Путинді кандидат ретінде тіркеді. Саяси науқан алдында Ресей басшысы Федералдық жиналысқа Жолдау жасады. Ол «соғысқа қатысушылар үшін ипотека жеңілдетіледі, тұрақты диспансерлік салық шегеріледі, бизнестің бір бөлігі тексерістен босатылып, отбасылық несие ұзартылады», деп уәде берді.