Аймақтар • 03 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсету керек екенін міндеттеген. Бұл ретте өңірлерде психоневрологиялық аурумен ауыратындарды бейімдеуге бағытталған орталықтар ашу маңызды. Аталған жайт облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тұрғындармен кездесуінде де жиі көтеріледі. Енді, міне, Жетісу облысында алғаш рет психоневрологиялық аурулармен ауыратындарға қызмет көрсететін күндізгі бөлімше ашылды.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2024
Биылғы жыл жылқыға жайсыз тиді. Алдымен әлеуметтік желі арқылы жеткен хабарға сенсек, Ұлытау облысындағы әсіресе Жаңаарқа ауданы жағының шаруа қожалықтары құрық ұстап қалатын түрі бар. Ресми мәлімет бойынша, автомобиль жолдарының бойынан 67 бас жылқының өлексесі табылған. Бірақ бұл жылқылардың да кейбірінің нақты иесін табу мүмкін емес.
Қоғам • 03 Наурыз, 2024
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғалымдары Қазақстанның батыс өңірінде кездесетін жыландар туралы кітап шығарды.
Халық • 03 Наурыз, 2024
Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студенттері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.
Қоғам • 03 Наурыз, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің студенті Мырзахан Ерзат құрастырған инновациялық асатаяқ өте жеңіл әрі қарапайым. Әмбебап асатаяқтың екі бұрандалы тұтқасын қысып ұстап, баспалдақпен жоғары қабатқа жылдам әрі жеңіл көтерілуге болады.