Студенттер бірнеше күн бойы ұлттық киім киіп, қала тұрғындары мен қонақтарына құрт таратты. Түрік халықтарының дәстүрлі тағамдарын ұсынып, халық әндерін орындады.
Алдағы уақытта мереке қарсаңында облысымыздың аудан-қалаларында түрлі іс-шара ұйымдастырылмақ.
Мәселен, «Теміржолшылар» мәдениет үйінде «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді. «Молодежный» мәдениет үйінде «Шын жүректен, мың алғыс», М.Әуезов атындағы кітапханада «Рахмет саған – Туған ел!» музыкалық кеші өтеді. Мұнымен қоса қаланың балалар мен жасөспірімдер клубтарында «Мен алғыс айтамын» ақпараттық сағаты ұйымдастырылып, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Алғыс айту – асыл қасиет» концерттік бағдарламасы қойылды.
Осылайша, қарағандылықтар бір-бірінің көңілінен су ішіп жүр.
Қарағанды облысы