Қоғам • 08 Наурыз, 2022
Тобыл қаласындағы Нұржан Наушабаев мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Әдия Еркін Мәскеу қаласында көркемсуреттен өткен бүкілресейлік жас таланттар байқауының жеңімпазы атанды. Оншақты аталым бойынша онлайн режімде ұйымдастырылған өнер байқауының басты мақсаты – балалар шығармашылығын ынталандыру.
Өнер • 08 Наурыз, 2022
Алматыдағы мемлекеттік Орталық музейде халықаралық әйелдер күніне орай ашылған «Әйел әлемі» көрме-фестивалі жаратылыс бастауы идеясын жан-жақты тарқатады. Көрме-фестивальге ірі мегаполистегі өнер орталықтары мен суретші-шеберлердің түрлі жанрдағы кескіндеме, мүсін, графика, бейнелеу өнері туындылары ұсынылды.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2022
Көшеде жеңіл көлікпен арлы-берлі жүйткітіп өте шығатын қыз-келіншектерге көз үйренгелі қашан. Ал енді қою шаңның арасында қазба жұмысы қызып жататын ірі кен табандарында тоқсан тонналық таудай техниканы тізгіндеп, руда тасып жүрген аруларды көрген жан бар ма екен? Кеніште, сонау еңісте жүрген соң олар сырт көзге байқала бермейді.
Спорт • 08 Наурыз, 2022
Сана Анарқұлова: Біз үшін әр ойын жауапты
«Алтай» волейбол командасының арулары алаңдарда атой салып, Алтайдың атын шығарып жүргелі қашан?! Бойлары сырықтай нәзік қыздар жыл он екі ай жаттығудан қол үзбейді. Тыңғылықты дайындық, темірдей тәртіп бар командада. Ерінбей еңбектенгеннің арқасында бес дүркін Қазақстан чемпионы атанған жоқ па?! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында кіл мықты ойыншылардан құралған команда капитаны Сана Анарқұловамен емен-жарқын әңгімелескенбіз.
Қоғам • 08 Наурыз, 2022
Биыл Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың туғанына 115 жыл толады. Соған орай елордадағы Ұлттық музейде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін игі дәстүрге айналған «Таң Шолпан» атты көрме өтті.