Әдебиет • 07 Наурыз, 2023
XX ғасырда қазақ жазушылары көтерген «әйел теңдігі» мәселесі ауқымды тақырыпқа айналды. Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов бірігіп жазған «Адамдық негізі – әйел» мақаласында: «Әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!» деп ұлтқа үндеу тастады. Сол тұста дінді дұрыс түсінбеген әм түсіндіре алмаған дүмше молдалар себебінен әйелдер дәрменсіз, орайы келсе сабап алуға болатын, мал саудасын үдетер тиімді зат секілді дәрежеге түсті. Жеке құқықтары аяққа тапталды. Бұл жайлы «Қалың мал», «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның белгісі», «Ақбілек» секілді шығармаларда жазылған болатын.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2023
Қыз Жібек – сұлулық пен әсемдік нышаны
Қазақтың рухани көне мұраларының бірі – «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырында қаймағы бұзылмаған қазақ қоғамының сипаты анық көрінеді. Жырда ел бірлігін сақтау мен туған жерді қорғау ісінің маңыздылығын негізгі ұстын ете отырып, адамгершілік, махаббат, адалдық, тазалық, сұлулық тақырыптары кеңінен қозғалған. Мұнда Қыз Жібектің бейнесі, іс-қимылы арқылы сұлулық пен әсемдіктің табиғатын жүрек көзімен көресің, қазақ қызына тән ұяңдық пен өрлікті, нәзіктік мен қайсарлықты жан дүниеңмен сезінесің.
Спорт • 07 Наурыз, 2023
Әбиба Әбужақынова: Басты мақсатым – Олимпиадада жеңіске жету
Қазақстанда әйелдер дзюдосының даму барысы тым баяу екені белгілі. Ширек ғасырға жуық әлемдік деңгейдегі додаларда бірде-бір балуанымыз жүлде алмағандықтан, Моңғолиядан Галбадрах Отгонцэцэгті шақырттық. Біздің елдің туы астында өнер көрсеткен ол көптеген биік белесті бағындырды. Атап айтсақ, 2015-2021 жылдар аралығында Галбадрах Рио Олимпиадасы мен екі бірдей әлем чемпионатында және Азия ойындарында қола медаль иеленіп, құрлық чемпионы атанды. Моңғол спортшысы татамимен қоштасқаннан кейін Әбиба Әбужақынова жарқ етіп шықты. Қарғадай қазақ қызы бұл күндері өрелі өнерімен жанкүйерлерді қуантып жүр. Дәл осы халықаралық әйелдер күні қарсаңында Әбибамен тілдесудің реті келді.
Технология • 07 Наурыз, 2023
Қалай десек те, мемлекеттің өркендеуі, экономикалық дамуы ғылым саласына тікелей байланысты. Бір қолмен бесікті, екінші қолмен әлемді тербеткен ардақты аналардың, аяулы қыздардың ғылымға да зор үлес қосып отырғанын көріп қуандық.
Өнер • 07 Наурыз, 2023
Қазір әлемді әдеміліксіз елестету әсте мүмкін емес. Жер әлемдегі адамдардың барлығы әсемдікке, сәнге құштар. Сондықтан көктемнің керемет мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, әдемі кәсіпті игеріп, елімізде дизайн өнерінің дамуына өзінің қомақты үлесін қосып жүрген, халықаралық деңгейдегі «biвayat fashion» киім брендінің негізін қалаушы Бибаят Үсенова туралы айтқымыз келеді.