Аймақтар • 01 Наурыз, 2024
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде қазақ, орыс, татар, әзербайжан, қырғыз, өзбек, ұйғыр этносының өкілдері тату-тәтті қызмет етіп жүр.
Мереке • 01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін танытатын тағылымды мереке. Ризашылық пен мейірім, бейбітшілік пен келісім үйлесім тапқан мерейлі мезет. Бұл мейрам елімізде 2016 жылдан бастап енгізілді. Сол жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәжілісінде 1 наурыз Алғыс айту күні болып белгіленді.
Инфляция • 01 Наурыз, 2024
Үкімет пен Ұлттық банк (ҰБ) инфляция деңгейін жыл аяғына дейін 6-8 пайызға дейін төмендетеміз деп жоспарлап қойған болатын. Қаңтар айында инфляция 9,5%-ға баяулады. Сонда мақсатты дәлізбен қазіргі жағдайды үш пайыздық айырмашылық бөліп тұр. Тәуелсіз сарапшылар қазіргі қарқынды сақтай алсақ, межелеген 6-8 пайыз жылдың үшінші тоқсанында қолжетімді болады дейді.
Қаржы • 01 Наурыз, 2024
Ұлттық банк (ҰБ) базалық пайыздық мөлшерлемені 15,25%-дан 14,75%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Бұған жылдық инфляцияның үш ай қатарынан баяулауы, әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі және сыртқы инфляция динамикасы себеп болған.
Шаруашылық • 01 Наурыз, 2024
Жер емшегін емген диқанның көңілін күпті етер жай аз емес. Соның бірі – қолда бар техниканың тозығы жетуі. Өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының 55 пайызы пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен, жамап-жасқап, кәдеге асырып келе жатқан техниканы дәтке қуат етіп отыр.