Қоғам • 06 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте елдің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты екенін атап өткені мәлім. Сонда Президент генерациялайтын стансалардың тозуы 50 пайыздан асып кеткенін атап көрсетті.
Қоғам • 06 Наурыз, 2022
Саяси реформа қажыр-қайратты қажет етеді
«Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтің әлеуетін жақсартып, халықтың қалтасын қалыңдату жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Осылайша, «Жаңа Қазақстанды» құру идеясын ортаға тастады. Қазіргі таңда экономикалық өзгерістер легі басталып кетті. Бұйыртса, наурыздың орта шенінде Президент саяси реформалар пакетін таныстырмақ.
Қоғам • 06 Наурыз, 2022
Кәсіби армия құрудың алғышарты қандай?
Кез келген елдің тағдыры мен келешегі әскерімен тікелей байланысты. Басқаша айтсақ, армияның абыройы – мемлекеттің бет-беделі. Батыр Бауыржан Момышұлының «Тобыр – армия емес, армия да – тобыр емес» деген түсіне білгенге тіліп түсер тағылымды сөзі бар. Алайда кешегі елімізді дүрбелеңге салып, тәуелсіздігімізді теңселтіп кеткен қайғылы қаңтар қасіреті мен бүгін бүкіл әлемді екіге жарып, үрейде ұстап отырған Ресей мен Украина арасындағы соғыстан кейін әскеріміздің жоқ-жітігін қайта түгендей бастадық.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2022
Атырау облысында 16 ауыл жарықсыз қалды
Атырау облысы Құрманғазы ауданында 16 ауыл желдің салдарынан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Президент • 06 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуды тапсырды
Мемлекет басшысы Президент Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне тұрғын үй кешендері жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.