Президент • 06 Наурыз, 2022

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуды тапсырды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Президент Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне тұрғын үй кешендері жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуды тапсырды

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді.

«Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында.