Аймақтар • 03 Наурыз, 2022
Кеше ымырт үйіріле қар жауған. Үлпілдек, жұмсақ қар. Биік көктен билеп-ойнап жауған қар ен даланың етек-жеңін кіршіксіз аппақ жамылғымен қымтап, орап жып-жылмағай етіп тастаған.
Туризм • 03 Наурыз, 2022
Kids go free: Ішкі туризмге серпін бере ме?
Биылдан бастап ішкі туризмді дамыту мақсатында Қазақстанда Kids go free (балалар тегін ұшады) бағдарламасы іске қосылды. Енді еліміздің 10 өңіріне саяхат жасағысы келген әрбір қазақстандықтың екі жастан он төрт жасқа дейінгі балалары сапар барысында тегін ұшады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қазақстандықтарды елдің туристік бағыттарында отбасымен демалуын ынталандыру. Туроператорлар қазірдің өзінде осы бағдарлама арқылы халыққа сапалы әрі бағасы қолжетімді туристік жолдамалар ұсынып отыр.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2022
Тобыл-Торғайда Ахмет тойы басталды
Елорда төрінде басталған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ұлт ұстазының туған жері Тобыл – Торғай өңірінде жалғасты. Қостанайға алыс-жақыннан арнайы келген көрнекті ақын-жазушылар, алаштанушы ғалымдар мен өңір зиялылары алдымен облыс орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл қойды.
Сұхбат • 03 Наурыз, 2022
Сламбек Тілеуғабылұлының саналы өмірі қазақ киносымен тығыз байланысты. Бүкілодақтық кинематография институтын тәмамдағасын, ұзақ жылдар «Қазақфильм» киностудиясында қатардағы маманнан директорлыққа дейінгі жолдан өтіп, ұлттық киномыздың дамуына үлесін қосты. Алайда көзіқарақты қауым оны талантты режиссер ретінде жақсы біледі. Жұртшылық қызығып көретін бірқатар көркем, деректі фильмнің авторы. Қазір елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Жуырда ол кісімен кездесіп, кино тақырыбында әңгіме өрбіткен едік.
Күрес • 03 Наурыз, 2022
Жеңісті жол жалғасын тапса игі
Кезінде КСРО халықтары спартакиадасы деп аталатын дүбірлі дода төрт жылда бір ұйымдастырылып тұратын. Сол арқылы бұрынғы одақтас 15 республикада осы сала қалай дамып жатқанын анық аңғаруға болатын. Кеңес Одағының боданында болған мемлекеттердің барлығы да өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында тәуелсіздік алып, халықаралық жарыстарға дербес команда ретінде қатыса бастады. Содан бері зымырап 30 жыл өте шықты.