Баға • 02 Наурыз, 2023
Баға бақылаудан шығып бара ма?
Ұлттық банк кезекті рет базалық пайыздық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Инфляциялық күтулер 2022 жылғы желтоқсанда шарықтау шегіне жетіп, кейін төмендеді, бұл алдыңғы болжамның алғышарттарына сәйкес келеді. Алайда инфляциялық күтулер әлі де жоғары және олардың төмендеуінің айқын тренді әлі қалыптаспаған. Бұл инфляцияның жылдам баяулауына кедергі келтіріп отыр.
Құқық • 02 Наурыз, 2023
«Қолжетімсіз жайылым...» Әкімдер статистиканың бұрмалануына мүдделі ме?
Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде жеке секторда 1 382 бас мал бар. Ал ауыл округінің есебінде 8 817 бас мал тіркеліп, ереже нормативіне сай 6 768 гектардың орнына 10 477 гектар жайылым қажет деп табылған. Яғни мал басының есебі дұрыс жүргізілмеуі салдарынан мемлекеттік статистика бұрмаланған.
Қоғам • 02 Наурыз, 2023
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Меценат» әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті. Тәуелсіз бәйгеде топ жарған дәл осы романы үшін автор өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отыратынын бұған дейін жазған едік. Ұлт әдебиетіне жаңалығымен енген шығарманың таныстырылымына зиялы қауым өкілдері қатысты.
Спорт • 02 Наурыз, 2023
20-26 наурыз аралығында Жапонияның Сайтама қаласындағы «Супер Аренада» мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста Қазақстанның намысын үш спортшы қорғайды. Атап айтсақ, Михаил Шайдоров мұздағы би бәсекесінде бақ сынаса, Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұптық сайыста өнер көрсетеді. Сондай-ақ қосалқы құрамда Диас Жиренбаев есімді жас өрен бар.
Ғылым • 02 Наурыз, 2023
Ғылым академиясы қандай болуы керек?
Ғылым академиясы. Осы бір сөзге бір ұлттың ғылымы, оған деген көзқарасы мен осы саладағы болашағы сыйып-ақ тұр. Қазіргідей ғылым дәуіріне қадам басқан тұста ғылымсыз елдің болашағы бұлыңғыр екені даусыз. Бұл ретте «Ұлттық ғылым академиясының жаңа кезеңдегі – Әділетті Қазақстандағы бағыты мен бағдары қандай болуы керек?» деген маңызды сұрақ туындайды. Біз осыған жауап іздеп көрдік.