Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Су қоймаларында қардың көлемі аз
Көктемгі су тасқынына дайындыққа Ақтөбе облысында 250 млн теңге бөлінді. Қазір елді мекендерден 171 мың тонна қар шығарылып, 70 тонна жанар-жағармай қоры жинақталды, су басу қаупі бар жерлерге 400 техника жұмылдырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма басшысының орынбасары Қайрат Қасым баяндады.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Мұнайлы өңір тұрғындарын алаңдататын проблема көп. Соның қатарында ауа атмосферасының ластығы бар. Өйткені Атырау – еліміздегі ең ластанған аймақтың бірі. Осыған байланысты өткен аптада Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев өңірдің экологиялық ахуалы талқыланған кеңес өткізді. Оның айтуынша, қоршаған орта тазалығын жақсарту, тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында 2024 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Ұлт сапасын арттырудың басты тетігі ана мен баланы қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғандықтан, бала дүниетанымын ұлттық рухта қалыптастыру шараларын белсенді ұйымдастыру бәрінен де өзекті. Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде ашылған «Балалық шақ – патшалық тақ» этнокөрмесі осы мақсатты арқалағанымен, бала санасына әсері күшті бірегей көрменің мәні тым терең.
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
700-ден астам жеке клиника ТМККК және МӘМС қызметтерін көрсетеді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы 1 389 медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасты, оның жартысынан көбі – жекеменшік ұйымдар. Биыл халыққа медициналық қызметтерді қаржыландыруға 2 трлн теңге қарастырылған, мұның ішінде 838 млрд теңге МӘМС жүйесінде бағытталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, МӘМС жүйесі «пациент қай жерге қаралса, ақысы сонда аударылады» қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Қалдықтар арқылы қалыпты өмірге оралуда
Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 2020 жылы «Kazecotech ғылыми-техникалық кәсіпорны» ЖШС-мен қауіпті қалдықтарды басқару бойынша мемлекет-жекешелік әріптестік шартын жасасты. Нәтижесінде, қайта өңделген материалдар протездік-ортопедиялық бұйымдарды дайындау кезінде пайдаланылатын болады.