Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Ұлт сапасын арттырудың басты тетігі ана мен баланы қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғандықтан, бала дүниетанымын ұлттық рухта қалыптастыру шараларын белсенді ұйымдастыру бәрінен де өзекті. Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде ашылған «Балалық шақ – патшалық тақ» этнокөрмесі осы мақсатты арқалағанымен, бала санасына әсері күшті бірегей көрменің мәні тым терең.

Бүгінгі қала баласы түгілі, ауыл баласының өзі ашамай дегеннің не екенін біле ме? Кекілі желбіреген ойын баласы ата-анасына ілесіп, түрлі қолғабыс жасап, қажетіне жарағанда, көрші-қолаң, дос-жаран жиылып келіп, өңіріне танабау тағып көрді ме? Бестас ойнап, ұқыптылығы мен ептілігін ұштай ма? Асық неге алуан түрлі болып боялады?
«Балалық шақ – патшалық тақ» көрмесінің мақсаты – балалар этнографиясын өзектендіру. Көрмедегі ең көне жәдігер – асықтар. Бұл асықтар б.э.д. ІІ ғасыр мен б.э. ІV ғасырға тиесілі, Орталық музей қорында сақталған тарихи құнды жәдігерлердің қатарында. IX-XI ғасырдағы бала ас ішетін ыдыстар, XI-XIII ғасырдағы баланың түбегі, XIII-XIV ғасырдағы сәбидің шүмегі, XIX-XX ғасырларды қамтитын сирек кездесетін балалардың фотосуреттері де осы көрмеден табылады. Сондай-ақ бағалы этномәдениеттің қайнар көзі – ұлттық құндылық болып саналатын бала киімінің үлгілері, «ойыншықтар әлемі», бала күтіміне қолданылатын заттар қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, дәстүрлі өмір салтының отбасылық тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Ұлттық байлық есебіндегі осы жәдігерлердің барлығы тақырып бойынша іріктеліп, сол кездегі отбасылық-әлеуметтік болмыс тұрғысынан сыр шертеді. Ал 25 халықтың ұлттық киімін киген қызылды-жасыл қуыршақтар балалар назарын еріксіз аударатын кейінгі жылдарда толықтырылған қызықты бұйым қатарында.
«Балалар, мынау не деп ойлайсыңдар?» дейді бір топ мектеп оқушысын жанына үйіріп алған экскурсовод Дулат Бүркітбаев. «Коньки». «Дұрыс айтасыңдар. Бұл – ағаштан жасалған коньки. Мұндайды естіп көрдіңдер ме? XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы бұйым. Бұл темірдің жоқтығынан емес, көшпенді халық керекті бұйымдарын көбінесе ағаштан, теріден жасайтын болған. Көшпенді халық бір затты жасау үшін материал іздеп әуре болмаған, барлығын табиғаттан немесе алдында жайылып жүрген малдан алған. Мал оларға әрі тамақ, әрі киім, әрі үй, тіпті сүйегіне дейін пайдаланып, ең аяғы тезегін де отын етіп, тіршілігіне пайдаланған» деп қарапайым тілмен түсіндіріп, қызығушылығы оянған қала баласының үсті-үстіне қойған алуан түрлі сұрағын жан-жақты ақпаратпен толықтырып, жалықпай жауап беріп жатты.
13 жасқа дейінгі бала танымына арналған этнокөрме Мемлекеттік орталық музейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ауқымды мақсат арқалаған көрменің ең алдымен жас ұрпақтың жан-жақты дамып, рухани санасының қалыптасуы жолындағы үлесі зор. Музей қорындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған экспонаттар арқылы тәрбиелеу үрдісі үстінде балалардың танымдық қасиеттері мен адамгершілік нормаларын, коммуникативті дағдыларын, ерекше қабілеттерін аша отырып, этномәдениетті сіңіру арқылы жан-жақты дамытуды, тәжірибеде қолдануды мұрат етеді. Өткен ұрпақ тәжірибесіндегі мәселелерді тұжырымдау арқылы балаларды дербес шығармашылыққа дайындаудың шешіміне де қызмет ететіні сөзсіз. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы тағылым, тиісті тәсілдер ретінде қолданып, әдет-ғұрып, жұмбақ, айтыс, өлең, жыр-дастандарды, ертегілерді халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдалана отырып, баланың азаматтық ой-өрісі мен болмысын қалыптастыруды көздейді.
АЛМАТЫ
Отандық өндірушілер «Жайлы мектеп» жобасына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 15:53
Respublica партиясының кезектен тыс I съезі өтеді
Саясат • Бүгін, 15:48
Пәкістанда жол апатынан 18 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:30
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Франция билігі миграциялық заңдарды қайта қарайды
Әлем • Бүгін, 15:06
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Бейрутта суда жүзіп жүретін кітап жәрмеңкесі өтті
Әлем • Бүгін, 14:49
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
3 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:24
Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус анықталған
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Президент азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:05
Медицина саласындағы ынтымақтастық
Медицина • Бүгін, 08:58
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 08:53
Тарих • Бүгін, 08:50
Бюллетеньмен суретке түсудің себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 08:47
Ұқсас жаңалықтар