Талапкерлер үздік ЖОО мен колледжді сайттан таңдай алады
Қазақстанда 6 түрлі критерий бойынша еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің тәуелсіз рейтингін көру үшін онлайн сервис іске қосылды.
Қазақстан мен Еуропа Кеңесі ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңін талқылауда
Қазақстан Еуропа Кеңесімен (ЕК), атап айтқанда, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігі жүйесін жаңғырту және осы халықаралық ұйымның тиісті конвенцияларына қосылу саласында кең ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі. Бұл туралы 2019 жылғы 26 наурызда Страсбургте Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің сыртқы байланыстар жөніндегі баяндамашылары тобының отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.
Бүгін Тараз қаласында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының облыстық форумы болып өтті. Аталған жиынға 100-ден аса бастауыш партия ұйымының жетекшілері, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партияның аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты.
Африкада Идай дауылынан зардап шеккендер саны 2 млн адамға жуықтады
Африкада Идай дауылынан зардап шеккендер саны екі миллионға жуықтады. 686 адам көз жұмды.
Семейде еліміздегі құрлық әскерлерінің үздік миномет батареясы анықталды
ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Бастығының нұсқауын жүзеге асыру және мамандардың кәсіби даярлығын тексеру мақсатында, ҚР ҚК Ракета әскерлері мен артиллерия әскерлерінің қолбасшысы полковник Асқар Жоламановтың басшылығымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери полигоны аумағында алғаш рет Құрлық әскерлерінің миномет батареяларының жарысы өтті.