27 Наурыз, 2019

Талапкерлер үздік ЖОО мен колледжді сайттан таңдай алады

463 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда 6 түрлі критерий бойынша еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің тәуелсіз рейтингін көру үшін онлайн сервис іске қосылды.

Талапкерлер үздік ЖОО мен колледжді сайттан таңдай алады

Жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, студенттер оқу орындарының еңбек нарығында түлектердің қажеттілігі, жұмысқа орналасу және жалақы деңгейі тұрғысынан табыстылығы туралы ақпаратқа тегін қол жеткізе алады. Электрондық еңбек биржасының сайтында әрбір пайдаланушы Қазақстан, белгілі бір аймақ, жеке мамандық немесе нақты бағыт бойынша жоғары оқу орнына немесе колледжге ең тиімді таңдау мүмкіндігіне ие.

Рейтинг 2018 жылдың желтоқсанында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша жасалды. Үздік және нашар оқу орындарын таңдау сауалнамалар негізінде емес, түлектердің жұмысқа орналасуының нақты нәтижелері, олардың жалақы деңгейі, жұмыстың тұрақтылығы бойынша жасалды. Бұл рейтингті объективті және тәуелсіз етеді. Салыстырғанда 101 ЖОО түлектерінің 200 мыңға жуық және еліміздің 766 колледждерінің 300 мыңнан астам түлегі пайдаланылды.

Үздік оқу орнын таңдау үшін арнайы сервис https://www.enbek.kz/ru/ratings/2018 кіру керек.

«Бұл рейтингте кез келген адам жұмыс берушілердің қандай мамандықтарға деген сұранысын, қандай аймақтардың жоғары оқу орындары жақсы немесе нашар екенін көре алады. Сайт архитектурасы әртүрлі салыстыру жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, талапкер «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша жоғары білім алғысы келеді. Рейтинг арқылы ол Қазақстанның қай жоғары оқу орнында түлектердің жұмысқа орналасуының ең жоғары пайызын, қай өңірде осындай мамандар ең жоғары жалақы алатынын көре алады», - деп түсіндірді «МДМ» АҚ вице-президенті Тахир Аслялиев.

Рейтинг талапкерлер үшін де, басқа ЖОО ауысқысы келетін студенттер үшін де пайдалы болады. Сондай-ақ, ол жұмыс берушілерге лайықты түлектерді жұмысқа қабылдау үшін және білім беру және еңбек нарығы саласындағы зерттеулер үшін талдаушыларға пайдалы.