Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Алғыс айту күні – бірлік-ынтымақты ту еткен кең байтақ елімізде тұрып жатқан сан алуан этносқа ортақ, шын мәніндегі жалпыхалықтық мереке. Көктемнің алғашқы күні жүрекке жылылық, көңілге ризашылық сезімін ұялататын маңызды мерекеге орай, тағдырын қазақтың қасиетті топырағымен сабақтастырған бүкіл белорустардың атынан дархан қазақ халқына бас иіп, алғыс айтамын.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Талай сын сағаттарда қазақ халқы ынтымағын бұзбай, сырттан еріксіз келген елдің өзегіне теппей, кең болудың, мейірімді болудың озық үлгісін көрсетті. Қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, елімізде этносаралық келісімді қамтамасыз етуде қазақтың осы жүрек елжіретер өнеге-үлгісі әрдайым жарқырай көрінеді.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Менің атам, әкем қуғын-сүргінге ұшырап, Түркиядан Қазақстанға қоныс аударды. Өзім қазақтың байтақ даласында дүниеге келдім. Бізді арнайы жер аударушылар деп те атайтын.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Жерді жеті айналса да қазақ халқындай бауырмал, қонақжай халықты таппайтын шығар ешкім. Қай заманда да бас сауғалап, сырттан келгендерді ұлтына, ұлысына қарамастан, бауырға басты. Қолындағы соңғы нанымен бөлісті. Тіпті сонау қызылдардың қылышынан қан тамып тұрған жылдары қуғынға түскендерді үйіне де жасырғанын білеміз.
Театр • 01 Наурыз, 2021
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Қазақ жеріндегі Корей театрының тарихы 1937 жылдан бастау алады. Сонау Қиыр Шығыстағы корейлер «жапонның тыңшылары» деген желеумен Орталық Азияға жаппай жер аударылып, жат елдің қырында соқа айдап, қаласында кірпіш қалап, туған елін аңсап жабығып жүрген шағында да сағынышын әнмен басып, қайғысын жырмен сейілтіп, өнерден көңіл жұбанышын тапқан екен. Сөйтіп алғашқы уығын сонау Қиыр Шығыста жүргенде қадаған өнерсүйген ұлт таланттары музыкалық драма театр ұйымдастыру ісін соғысқа дейін корейлер көп шоғырланған Қызылорда қаласында, соғыстан кейін Қаратал бойындағы Үштөбе қаласында жүріп қолға алады.