Қазақстан • 06 Наурыз, 2020
Қазақстан ДСҰ-да Қырғызстанның наразылықтарына жауап берді
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас кеңесінің отырысы барысында Қырғыз Республикасының ДСҰ-ға өтінішіне сәйкес Қазақстан-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы мәселе талқыланды. Қазақстан Республикасының делегациясынан Женевадағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2020
Елорда әкімдігінде бірқатар инвестициялық жоба қолдау тапты
Елордада Алтай Көлгіновтің басшылығымен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті. Қолдау көрсетілген жобаларды іске асыру бір мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2020
СҚО: Неврология саласындағы қызмет бұрынғыдан бір жарым есе артты
Солтүстік Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізудің алғашқы айларының өзінде халықтың консультативті-диагностикалық қызметтерін алудың көбейгенін көрсетіп отыр. Ондай қызметтер қаңтар айында былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тоғыз есе артқан. Соның ішінде бұрын аса қымбат болып келген қолжетімсіздіктерінің өзі де көбеюде. «Тіпті неврология секілді салалардағы пациенттерге көрсетілген қызмет бұрынғыдан бір жарым есе артты. Қаржыландыру арта түссе біз бизнестің есебінен қызметтер санын көбейтуді көздеп отырмыз», деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Лариса Гордеева.
Спорт • 06 Наурыз, 2020
Әбілхан Аманқұл Аммандағы іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия/Океания аймағындағы Олимпиадаға іріктеу турнирін қазақстандық Әбілхан Аманқұл сәтті бастады деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2020
Red Bus экскурсиялық автобусы жаңа бағыт бойынша жүреді
Астана Конвеншн Бюро компаниясы әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында айтылған мәслихат депутаттарының ұсынымдарына сәйкес бағытты өзгертті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.