Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

СҚО: Неврология саласындағы қызмет бұрынғыдан бір жарым есе артты

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізудің алғашқы айларының өзінде халықтың консультативті-диагностикалық қызметтерін алудың көбейгенін көрсетіп отыр. Ондай қызметтер қаңтар айында былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тоғыз есе артқан.  Соның ішінде бұрын аса қымбат болып келген қолжетімсіздіктерінің өзі де көбеюде.  «Тіпті неврология секілді салалардағы пациенттерге көрсетілген қызмет бұрынғыдан бір жарым есе артты. Қаржыландыру арта түссе біз бизнестің есебінен қызметтер санын көбейтуді көздеп отырмыз», деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Лариса Гордеева.

СҚО: Неврология саласындағы қызмет бұрынғыдан бір жарым есе артты

Кеше Тайынша ауданы медициналық мекемелерінің осындай қызметтерге қол жеткізу деңгейі қандай екендігі БАҚ өкілдеріне көрсетілді. Соның ішінде журналистер Тайынша аудандық көпбейінді ауруханасына барды. Мұнда КТ және томография қызметтерінің сырқаттарға қалай жасалатындығы журналистерге таныстырылды. Пациенттер мамандарға өздерінің ризашылығын білдіріп жатты. Ауылдық ауруханада осындай қызметтердің көрсетілетіндігі оларды үлкен қалаларға бару мұқтаждығынан құтқарып, бәленбай мың теңгесін үнемдеп қалатындығы белгілі болды. Осының бәрі медициналық-әлеуметтік міндетті сақтандырудың арқасында қол жеткізіліп отырған жетістік екендігі айтылды. «Біз қазір тіпті паллиативтік көмекті де жасай аламыз. Соның өзіне де қол жеткізіп отырмыз. Жаңадан ашылған орын сырқаты қауіпті науқасты түні бойы бақылауға мүмкіндік береді», дейді аурухананың бас дәрігері Анатолий Рафальский.

Биыл республика бойынша паллиативті көмекке 3 млрд теңге бөлінген болса, соның 179 млн теңгесі Солтүстік Қазақстанның үлесіне тиген екен.

Солтүстік Қазақстан облысы