Таным • 06 Наурыз, 2020
Аруларға арналған әндер көп, жырлар да жетіп артылады. Бірақ күйлер аз. Бар болғанның өзінде тыңдарманның жүрегінде, құлағында қалған, өміршең күйлер саусақпен санарлық. Соның бірі – «Ерке сылқым». Бұл күйді білмейтін қазақ жоқ шығар. Алайда дәл осы тамаша туындыны күйшінің 20 жыл толғатқанын білеміз бе? Білсек те соның сырына үңілдік пе?
Руханият • 06 Наурыз, 2020
Әлемді қобызымен тамсантқан Ақерке биыл Қазақстанның түкпір-түкпірін араламақ. Өз тойында өнер көрсеткен Ақерке Тәжібаева тұрмыс құрғаннан кейін елордаға қоныс аударды. Ширек ғасыр қобыз арқалап келе жатқан арудың жаңа шаһардағы өмірі өнерге жаңадан келгендей күй кештіргені анық.
Қоғам • 06 Наурыз, 2020
Әскер туралы сөз болғанда әдетте жуан білек, апайтөс сарбаздар көзге елестейді. Бірақ еліміздің Қарулы Күштері қатарында сұлулығымен талайды таңғалдыратын, инабатты мінезімен талайға үлгі болатын нәзік жандылар жетерлік.
Қоғам • 06 Наурыз, 2020
Тағдырыма тура келген мамандық
Әйелдің орны – отбасы, ошақ қасы дейді халық даналығы. Бұл пікірді мен де құптаймын. Бақытты жар, аяулы ана атанып, қазан-ошақтың қасынан табылғанға не жетсін? Дей тұрғанмен бала күнгі арманымнан аулақтай алмадым. Құпия бөлімнің бастығы болған әпкем бар. Есімі – Ләйлә Кәкенқызы. Қазіргі таңда зейнетте. Балдырған кезімде соған ұқсағым келді. Әпкемнің кеңесімен сарбаз болам деген шешімге келдім. Бұл шешіміме туғандарым да қарсы болған жоқ. Түсіністік танытты. Әріден бастайын...
Таным • 06 Наурыз, 2020
Зеңгір көктен әуелі аққу көрінген. Көгілдір аспанда қалықтап келе жатқан аққу кенет ақ парашютке айналды да қалықтап тұрып қалды. Артынша бір қырына сырғи ағып, төмен қарай құлдилады да зау-заңғар биіктікте түрлі пішінде өрнек салып барып Жер-Ана құшағына жақындай түсті. Манадан бері алабарқын аспанға күн салып қарап тұрған көпшілік ішін тартып қалғандай еді. Өйткені көктен түскен парашютші ержігіт емес, сымдай тартылған сымбатты ару болып шықты. – Япырай, ту-у биіктен қалай қорықпай секіріп жүр? – Жүрек жұтқан жан екен! – Өзінің сұлуын-ай! – Еліктің лағындай екен! Аспаннан түскен арудың әбжіл қимылына, батыл қадамына, аспанда қалықтап келе жатып түрлі өрнек салатынына қарап, жиналғандар осылай десіп қалып еді. Парашютші қарындас жерге түскен бойы көпшілікке жымия қарап, қол бұлғады. Артынша парашютін жинастыра бастады. Көпшілікке жақындағанда оның құлын мүсіні айқындала түсті: алабұртқан алау жүзді, керме қас, нәзік дене спортшы қызды тым сұлуландырып көрсетеді. Бұл – Парашют спорты федерациясының спортшы-парашютшісі Эльмира Бердышева болатын. Аспаннан түскен аруға аңтарыла қарап қалған көпшіліктің арасынан сына тауып, өзіміздің журналист екенімізді білдіріп, аз-кем сұхбат беруін өтіндік.