Руханият • 06 Наурыз, 2020
Айжан Жүзбай: Киім еркіндігі үшін сана тәуелсіздігі керек
Айжан Жүзбай – 2016 жылы Қытай сән апталығына Орталық Азиядан қатысқан тұңғыш дизайнер. Пекин сән және технологиялар институтының түлегі, ZHUZBAY брендінің авторы бізге сән әлемінің соңғы жаңалықтары мен ендігі бет алысы, әлемді жаулаған қытай нарығының ерекшелігі турасында әңгімелеп берді. Оның қолынан шыққан безендіру жұмыстарында міндетті түрде күллі оюлардың атасы аталған өрнек – қошқар мүйіз көрініс тапқан. Бұл – молшылықтың, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2020
Әйгілі орыс әзілкеші Аркадий Райкиннің «Әйел – адамның досы» деген бұрынғы нақылын қазіргінің қалжыңбастары да жиі қолданады. Бұралқы сөз күлуге жақсы болғанымен, оның астарында ақиқат бары анық. Шынымен, адамзаттың бұрынғы, соңғы тарихын әйелдің нәзік болмысының қатысуынсыз елестету қиын.
Саясат • 06 Наурыз, 2020
Түркия Еуроодақпен шекарасын ашты
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Еуроодақпен шекараны ашу туралы тапсырма берді. Бұл Сириядан келген босқындарға мемлекеттен кетуге мүмкіндік бермек. Мемлекеттен кеткен босқындар саны 100 мыңға жетті.
Әлем • 06 Наурыз, 2020
Идлиб: Сирия дағдарысының соңғы түйіні
2011 жылдан бері жалғасып келе жатқан Сирия дағдарысы 2017 жылы басталған Астана процесі шеңберінде біршама бақылауға алынған болатын. Үдеріс барысында құрылған қақтығысты азайту аймақтарында соғыс тоқтап, бейбіт өмір қалпына келе бастаған еді. Алайда 2020 жылдың басынан бері Башар Асадтың қақтығысты азайту аймақтарының ең соңғысы болып табылатын Идлиб аймағына шабуылын үдетуі Түркия мен Сирия арасында қақтығыс ықтималдылығын арттырып отыр. Әсіресе 27 ақпан күні Б.Асад күштерінің шабуылынан 33 түрік әскерінің қаза табуына байланысты Идлиб мәселесі және жалпы Сирияның болашағы туралы талдау жасауымыздың қажетттілігі туындап отыр.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2020
«Көрпе Fest» тігін тігуге үйретеді
Ұлтымыздың ісмер әйелдерінің бағзыдан келе жатқан бір өнері – тігіншілік. Осынау ежелгі кәсіпті еске салып, өскелең ұрпақты көркемдік мектебінен өткізу мақсатында Шымкентте «Көрпе Fest» мегафестивалі басталды.