Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

«Көрпе Fest» тігін тігуге үйретеді

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлтымыздың ісмер әйелдерінің бағзыдан келе жатқан бір өнері – тігіншілік. Осынау ежелгі кәсіпті еске салып, өскелең ұрпақты көркемдік мектебінен өткізу мақсатында Шымкентте «Көрпе Fest» мегафестивалі басталды.

«Көрпе Fest» тігін тігуге үйретеді

Салт-дәстүр мерекесіне қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков арнайы келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Көрме» орталығында ұйымдас­ты­рылған іс-шараға көп балалы аналар және тігін тігіп, өз кәсіпкерлігін бастауға ниет білдірген 300-ге тарта қыз-келіншек қа­тыс­ты. Олар 6 наурызға дейін көрпе, құрақ құрау және өзге де қолөнер бұ­йым­дарын жасаудың қыр-сырын үйренеді.

Ал ақысыз шеберлік сағаттарын ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, Республикалық ақ­параттық ағарту үгіт-насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада өткізеді. Бұл іс-шара қыз-келіншектерге ұлттық қолөнерді ғана үйретіп қоймай, әйелдер арасындағы жұмыссыздықты да азайтпақ.

Үш күндік фестивальде көрме-байқау жеңім­паз­дарына сыйлықтар, семинарға қатысушыларға арнайы сертификат және «Аманат» әлеу­мет­тік бағ­дарламасын жүзеге асыру мақ­сатында тағайындалған «Аманат» сый­лығы тапсырылады.

 

Шымкент

 

Соңғы жаңалықтар

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Өнеркәсіпке енгізілген жасанды интеллект

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

ЖИ стартабын қалай құруға болады?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25

Тайшықовтың тағдыр-талайы

Зерде • Бүгін, 08:10

Ескерткіш тақта орнатылды

Тағзым • Бүгін, 08:05

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:03

ЖИ-дің негізін қалаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Фариза мектебінің мерейі

Руханият • Бүгін, 07:50

Қараңғыдан жарыққа жол тапқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45