Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Ақтауда Азаматтық Қорғаныс күні атап өтілді
Азаматтық Қорғаныс Халықаралық Ұйымы Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес ағымдағы жылы 1 наурыз күні - Бүкілдүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні болып белгіленді. Осыған орай бұл күн Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен атап өтілді, деп хабарлайды аталған департаменттің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Қызылорда: Автокөлік апатынан 3 адам қайтыс болып, бес адам жарақат алды
Кеше түнгі 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданындағы Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан.
Әлем • 04 Наурыз, 2020
Коронавирус: Twitter қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуде
Коронавирус жағдайына байланысты Twitter компаниясы өз қызметкерлеріне үйлерінде отырып жұмыс істеулеріне рұқсат берді. Бірақ кейбір мамандар өз жұмысына қажеттілік туған жағдайда офиске келіп те жұмыс істеулеріне болады деп ресми ақпарат таратуда.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Қызылорда: Қалалық полиция басқармасының басшысы тағайындалды
Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы қызметіне Ермек Ысқақов тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан таныстырды.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Алматыда «Аналар көктемі» акциясы басталды
Алматы қаласы Медеу ауданында «Бақытты Отбасы» әлеуметтік аналар орталығы «Aналар көктемі» атты ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды қамтитын бастаманы қолға алды. Бұл акция Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен 2-31 мамыр аралығында өткізіледі.