Айлықты өткізу кезінде ерекше назар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен түсіндіру жұмыстарына, оқу орындарында жарыстар, ашық сабақтар мен сайыстарды өткізуге бөлінді.
Азаматтық қорғаныс айлығы аясында Департаменттің бөлімшелеріндегі жедел-кезекші ауысымдарының тұрмысы мен күнделікті өмірлерін балаларға көрнекі түсіндіру үшін облыс оқушыларына экскурсиялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ барлық оқу орындарында Азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша ақпараттық стендтер рәсімделді.
Ақтау қаласының №1 спорт залында бастауыш сыныптардың оқушылары арасында «Өзіңді қорға!» акциясын ұйымдастырып, көңілді старттарды өткізген «Оқушылар орталығы» аталған күнге қатысты іс-шараларға қатысқан әрі белсенді жүзеге асырған ұйымдардың бірі болып табылады.
Жарыстарда балалар үй жануарларын түтінделген бөлмелерден құтқару, және нысанаға доп лақтыру, ұшақтарда аймақ көрінісі және т.б. элементтерді көрсетті. Барлық қатысушыларға Департамент бастығы атынан сәйкесінше дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Азаматтық қорғаныс күніне орай тақырыптық іс-шаралар аудандар мен қалаларда өткізілді.
Мысалы «Жаңаөзен қаласы төтенше жағдайлар бөлімі» Жаңаөзен қаласының балабақша бүлдіршіндері арасында сурет салу сайысын ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты балаларға өрт қауіпсіздігін ережелерін жете түсіндіру.
Сайысқа 19 балабақшадан 4-5 жас аралығындағы 2 тәрбиеленушіден қатысып, 2 кезеңнен тұратын сайысқа белсене қатысты. 1-кезеңде тәрбиеленушілер өздерінің салып келген суреттерін не үшін салғандығы бойынша түсінік берді. 2-кезеңде өрт техникалары, құтқарушылар, өрт сөндірушілердің өртті сөндіру сәті бейнеленген графикалық суреттерді бояу болды. Сайыс соңында «Жаңаөзен қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі» атынан жүлделі орын алған балаларға құнды сыйлықтар берілді, сонымен қатар барлық қатысушы балаларға ынталандыру сыйлықтар табыс етілді.
Маңғыстау облысы