Қоғам • 02 Наурыз, 2020
Ауылдың болашағы жоқ емес, бар...
Мен ауылда туып, ауыл өміріне әбден қанық адаммын. Саналы ғұмырымның 34 жылын ауыл шаруашылығына арнадым. Бөлімше агрономынан бастап, саладағы барлық басқыштан өттім. 15 жыл кеңшар директоры, ауыл шаруашылығының облыстық басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқардым. Зейнетке шыққанған кейін 6 жыл шаруа қожалығын басқардым.
Әлем • 02 Наурыз, 2020
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға кезекті снаряд ұшырды
Бүгін Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға анықталмаған модельдегі снаряд ұшырды. Yonhap агенттігінің жазуынша, снарядтың ұшырылған орны мен саны туралы мәліметтер әзірге түспеген. Бұл - КХДР-дың биыл өткізген қарудың алғашқы ірі сынағы.
Қазақстан • 02 Наурыз, 2020
Қазақстан көпірлерді жөндеудің жаңа технологияларымен бөлісті
Қазақстандық автомобиль жолдары саласының мамандары Ресейдің Астрахань қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Шара аясында бірнеше елден келген 200-ге жуық сарапшы автомобиль жолдары саласын тиімді дамытудың амалдары мен жолдарын талқылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бизнес • 02 Наурыз, 2020
Гүл нарығы: Бәсекеге дайынбыз ба?
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында раушангүл мен қызғалдақтарға сұраныс үш есе өсіп кетеді. Ішкі нарықтың қажеттілігінің жартысын импорттан келген өнімдер қанағаттандырып отыр. Ал қалған бөлігі отандық өнімнің үлесінде. Отандық үлестің 30 пайызы ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған Алматы мен Шымкент қалаларындағы 5 ірі жылыжайдың еншісінде. Қалған 20 пайыз өнім ішкі нарықта ұсақ партиялармен жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің үлесінде.
Әлем • 02 Наурыз, 2020
Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2912-ге жетті
Қытайда жаңа коронавирус құрбандарының саны тәулігіне 42 адамға артып, 2912-ге дейін өсті. Індетті бұл елде 77 150 адам жұқтырған. 44 400 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды. Бұл туралы ҚХР үкіметінің денсаулық сақтау комитеті хабарлады.