Ауру жұқтырғандар саны бойынша өңірлер арасында бірінші орынды Хубэй орталық провинциясы алады, онда соңғы мәліметтер бойынша 67,1 мыңға жуық ауру жағдайы тіркелген, 2803 адам қайтыс болған, шамамен 33,7 мың науқас сауығып кеткен.
Ал Оңтүстік Кореяда коронавирустан қайтыс болғандар саны 7 адамға жетті. Дертке шалдыққандардың жалпы саны - 763. Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында елдің білім министрлігі барлық балабақша мен мектептерге жаңа семестрдің басталуын бір аптаға шегере тұруды тапсырды.