Қоғам • 02 Наурыз, 2020
«Мен – алматылықпын» бірлестігі игі істің ұйтқысы
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Константин Авершин жетекшілік ететін «Мен – алматылықпын» қоғамдық бірлестігі өз жұмысын 2014 жылы бастаған еді. Сол кезден бері біраз шаруа атқарып, көптеген игі істің басы-қасынан табылған еріктілер халықтың зор алғысы мен ыстық ықыласына бөленуде.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Орал қаласы маңындағы Шаған өзенінің бір саласында волонтерлер суды оттегімен байыту үшін мұз ойып, балықты құтқару шарасын жасады. Олардың қатарында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетіндегі әріптестеріміз де бар.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
«Қоғамға қызмет» жобасы – волонтерліктің бастауы
Ақтау қаласындағы іргелі оқу орны Yessenov University білім мен тәрбиені ұштастыра жүргізіп келеді. Аймақтың әлеуметтік-мәдени өмірінің қозғаушы күші ретінде әрекет ететін әлеуметтік жауапты университет қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру жұмыстары мұнда жүйелі жолға қойылған. «Қоғамға қызмет» жобасын осы бағыттағы сүбелі істердің бірі деуге болады.
Руханият • 02 Наурыз, 2020
Қазақ Ордасының төре таңбалы қызыл туы қайта көтеріліп, біртұтас, қуатты мемлекет ретінде қалпына келуі Абылай ханның есімімен байланысты. Бүгінде ақылды алаш азаматтары халқына аяусыз қызмет еткен асылзада ханын ұлықтап, алып монумент тұрғызбақ. Бұл елдің рухын көтерер, күрестің ерлік шежіресін еске түсірер батырлар салған жолды үлгі етер тарихи ескерткіш болатыны сөзсіз.
Руханият • 02 Наурыз, 2020
Тәуелсіз еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына ерекше үлес қосқан, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге аянбай еңбек еткен белгілі түрколог-ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Сарыбаев бұл күндері 95 жасқа толар еді... Ғалыммен қоштасуға арналған қаралы митингіде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынұлы: «Қазақстан ғылымы тағы бір көрнекті ғалымынан айырылды. Отандық ғылымды дамытуда өзіндік орны бар, тіл білімінің тарланы дүниеден озды. Келешек ұрпаққа өлшеусіз еңбек қалдырған Шора Шамғалиұлының туған тілге қылған қызметі бәрімізге үлгі болып қала береді...», – деп еді.