Қоғам • 02 Наурыз, 2020

«Мен – алматылықпын» бірлестігі игі істің ұйтқысы

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Констан­тин Авершин жетекшілік ететін «Мен – алматылықпын» қоғамдық бірлестігі өз жұмысын 2014 жылы бастаған еді. Сол кезден бері біраз шаруа атқарып, көптеген игі істің басы-қасынан табылған еріктілер халықтың зор алғысы мен ыстық ықыласына бөленуде.

«Мен – алматылықпын» бірлестігі игі істің ұйтқысы

Бүгінгі таңда «Мен – ал­матылықпын» қоғамдық бірлестігі сегіз бағытта жұ­мыс істеуде: білім беру, тө­тенше жағдайлардың сал­дарын жою және зардап шеккен аймақтарға гум­ма­нитарлық көмек көрсету, спорттық лига мен саламат­ты өмір салты, деморга­ни­зация жұмыстары, «Юс­тус» заң палатасы, арнайы мақ­саттағы күштердің Ар­дагерлер одағымен бір­лес­кен жұмыс, экология, жастар мәселесі.

Расында да, осы ба­ғыт­тарда айтулы ұйым біраз шаруа тындырған екен. Мәселен, республи­ка­мыз­­­дың бірқатар өңірінде (Арыс пен Алматы қалала­ры, Қарағанды мен Ақ­төбе облыстары және т.б), тіп­тен шет мемлекет­тер­де  болған төтен­ше жағ­дай­лардың салда­рын жою­ға атсалысып, гу­ма­нитарлық кө­мек көрсетті. Қарттар мен же­тімдер үйін өз қам­қор­лығына алды. Кембағал жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті.

Білім беру жобасы бо­йынша Нұр-Сұлтан мен Ал­маты қалаларында 1700-ден аса баланы жаңа тех­­нологиялар бойынша ағылшын тіліне үйретті. Спорттық сайыстар мен әс­­кери-патриоттық ша­ра­лар­ды үздіксіз ұйымдас­тырып тұрады. Осылайша, халықтың денсаулығын ны­ғайтып, оларды сала­матты өмір салтына ын­та­лан­дыруға және жас жет­кін­шектерді отансүй­гіштік рухта тәрбиелеуге барынша үлес қосуда.

Экология мәселесі де «Мен – алматылықпын» қо­­­ғам­дық бірлестігі наза­рынан тыс қалған емес. Осы орайда волонтерлер қа­­ла­ны көріктендіру, гүл­­ден­діру бағытында үздік­сіз жұ­мыс жүргізіп ке­ле­ді. Міне, осылай тіз­­бектей берсек, айтулы ұйым тарапынан ат­қарылып жат­қан ш­а­руаның аз емес­тігіне анық көз жет­кізуге бола­ды.

 

АЛМАТЫ