Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Тіршілікке енді талпынып келе жатқан құйттай сәбидің есінде не қалсын... 1937 жылы отбасы Хабаровск қаласынан эшелонға еріксіз тиеліп, бұрын ата-бабасы аяқ басып көрмеген қазақ даласына қарай бет алғанда Вилорий Шин бар болғаны 1 жасты енді толтырған екен. Заман түзелгенге дейін үлкендер сол депортация жайлы ара-тұра айтып қалатын. Үй-жайынан еріксіз ажырап, бір түнде пойызға мінгендер арасында ұзақ жолды көтере алмай үзіліп кеткендер де болыпты.
Таным • 02 Наурыз, 2020
Чешен ұлтын жас кезімнен білемін. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Жосалы механикалық зауытында қазақ, орыс, чешен, грек және басқа көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерімен қоян-қолтық араласып еңбек еттік. Әсіресе Вахид Губановпен сыйластықта болдым. Мен зауытқа жұмысқа орналасқан кезде Вахид аға ауысым бастығы екен. Токарь, слесарь, фрезеровщик мамандықтарын игердім, бастауыш комсомол ұйымына, кәсіподақ комитетіне жетекшілік еттім, сосын 17 түрлі геологиялық бұрғылау жұмыстарының өнімдерін шығаратын 150-дей жұмысшысы бар механикалық цехқа жетекшілік еттім. Вахид аға сол баяғы қызметінде жүріп зейнеткерлікке шықты. Кейін марқұм болды. Мұны айтуымның себебін түсіндірейін.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнінің мәнін кезінде тағдыр тауқыметін тартып, депортацияның ащы дәмін сезген этностардың бүгінгі ұрпақтары жақсы біледі. Кеңестік қуғын-сүргін салдарынан туған жерінен күштеп қоныс аударылған ата-бабамыз сол дәуірдегі солақай саясаттың құрбаны болды.
Қоғам • 02 Наурыз, 2020
Жақсы аттанды демессің, сүйем десем...
Барлығымыз көптен күткен көктем биыл бесінші мәрте Алғыс айту күнімен басталып отыр. Бұл – кең-байтақ Қазақстанды мекен еткен барлық этностың осынау ұлы өлкеге шынайы риясыз сезіммен алғыс білдіретін, тәубе етіп, тағзым ететін күні.
Руханият • 02 Наурыз, 2020
Арыстағы ағайын Жетісу жұртына алғыс айтты
1 наурыз – Алғыс айту күнінің қарсаңында «Egemen Qazaqstan» газетінің Талдықорғандағы тілшілер қосынына Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Роза Әбдірахманова хабарласып, Алматы облысындағы ағайынға шын аналық ақ тілегін айтып, жерлестерінің атынан ақжарма алғысын жеткізді.