Қоғам • 21 Наурыз, 2016
Алматыда барлығы 532 байқаушы сайлау науқанының лайықты өтуі үшін атсалысты. Жауапты науқанға бірнеше семинар-тренингтен дәріс алып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сайлау туралы» Заңды қайталай жадына салып, байқаушының міндеті мен қызметін тиянақтаған бұл топтың Алматыдағы жетекшісі, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасының орынбасары, Президент жанындағы құқықтық саясат кеңесінің мүшесі, профессор Өмірәлі ЖАЛАИРИДІ әңгімеге тарттық.